Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша енгізілген жаңалықтар

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша енгізілген жаңалықтар

Қазіргі заман – жаңа технологиялар мен техника заманы. Барлығы электронды қызмет көрсетуге көшуде. Қағазбен жұмыс күннен күнге азаюда. Соған сәйкес мемлекеттің азаматтарға арналған қызметтері де электронды жүйеге берілуде. Соның бірі – сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль кою болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап: порталда - бір жұмыс күнін; облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының бөлімдерінде  - бір жұмыс күнін; Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдерінде - бес жұмыс күнін; Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – он жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Қазіргі кезде бұл мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде де жаңалықтар бар, яғни көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) ауыстыруды растайтын құжаттың көшірмесін қағаз тасығышта талап етуді болдырмауды, өз кезегінде тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден талап етуді көздейтін түзетулер енгізілген.

Айтып кететін жайт, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларғамақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төленеді (бұдан әрі - ЭҮТШ).

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш; апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірген); мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда); көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткен жағдайда оны растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (егер өзгерту Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген жағдайда құжаттың көшірмесі ұсынылмайды).

Жоғарыда аталғанның барлығы - заман талабымен бірге қадам басып келе жатқанымыздың белгісі болып табылады.

 

ҚР Әскери Сотының бөлім басшысы А.К.Тайшубекова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив