«Сот кабинеті» және оның артықшылықтары

«Сот кабинеті» және оның артықшылықтары

 

 Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық форматын әзірледі. Бұл - сот құрылымында қолға алынған реформалардың заманауи, жаңа технологияның бірі. «Сот кабинеті» сот органдарының электронды түрде кіруге арналған терезесі.

«Сот кабинеті» - халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне мақсатталып жасалған, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. «Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Cонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген өзіне ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет- сервисі арқылы электронды түрде талап арыздарды беруіне, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға мүмкіндігі бар. Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.

«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.

         «Сот кабинеті» интернет-сервисіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық сандық қолтаңба қажет. «Сот кабинетінен» тіркелі рәсімінен өткеннен кейін бұл мүмкіндікті пайдаланушы талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық/жеке шағымды, кассациялық шағымды, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар мен сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз бере алады.

         Сонымен қатар, пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына  ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы   арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.

Егер бірнеше адам талапкерлер немесе жауапкерлер болса, олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі. Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі. Пайдаланушы тиісті файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді. «Электронды үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік бажды төлеу электрондық талап арыз нысаны толтырылғаннан кейін жүргізіледі. Талап арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін ҚР сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

         Қазіргі таңда азаматтардың арасында «Сот кабинеті» арқылы электрондық талап арыз беру кеңінен қолданылуда. Бұл «Сот кабинетінің» пайдаланушылар үшін өте қолайлы, әрі ыңғайлы екендігін көрсетеді.

Пайдаланушы талапкер туралы деректерді (жеке немесе заңды тұлғалар үшін) және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жауапкер туралы деректерді толтырады. Егер бірнеше адам талапкерлер немесе жауапкерлер болса, олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі.

Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.

Пайдаланушы тиісті файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді.

Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді. «Электронды үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік бажды төлеу электрондық талап арыз нысаны толтырылғаннан кейін жүргізіледі. Талап арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі. Жөнелтілген арыздар (өтініштер) арыздардың (өтініштердің) тізімінде көрсетіледі.

         Сондай-ақ, «Сот кабинеті» сервисінде сотқа арыз беру кезінде мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеу қызметі көзделген. Сотқа құжаттарды электрондық түрде беру және мемлекеттік баждарды электронды түрде төлеу азаматтардың уақытын елеулі түрде үнемдеп, артық шығындардан арылтады. Аталған заманауи шаралар  сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасы Әскери сотының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив