Сот жүйесінің ардагері, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ғ.Бапахов Жәнібек ауданының құрметті азаматы атанды

Сот жүйесінің ардагері, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ғ.Бапахов Жәнібек ауданының құрметті азаматы атанды

Сот жүйесінің ардагері, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ғ.Бапахов Жәнібек ауданының құрметті азаматы атанды

 

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен сот жүйесінің ардагері, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы,  «Үш би», «Судьялар Одағының құрметті мүшесі»,  Қазақстан Республикасының «Құрметті судьясы», Мінсіз қызметі үшін III, II дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалі, ҚР ЖС Құрмет грамотасы атақтарының және т.б. марапаттардың  иегері  Ғалихан Айдынғалиұлы Бапаховпен кездесу өтті.

Іс-шара Ғ.Бапаховтың облыстық соттың судьялық корпусы және облыст судьяларымен кездесуімен басталды.

Облыстық сот  төрағасы Бек Әметов ардагерді облыстық сот ғимаратымен таныстырып, облыстың сот жүйесінде атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының тумасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ардагері Ғалихан Бапаховқа Жәнібек ауданының құрметті азаматы атағы табыс етілді.Атақты Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев табыстады.

Отставкадағы судья өзінің Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында судьялық қызметті бастаған уақыты туралы әңгімеледі. Өткен жылдардағы сот саласының жұмысы мен бүгінгі  сот жүйесіндегі жетістіктерді салыстырды.  «Өз бойындағы талабына қарамай әр адам үнемі өз білімін шыңдауға тырысуы тиіс. Заңнамаларды білумен қатар компьютерлік біліктілікті арттыруға, тіл меңгеруге, рухани жаңғыруға ұмтылу керек»,-деп атап өтті Ғалихан Айдынғалиұлы.

Бұған қоса, ардагер өзінің сот саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас судьяларға ақыл-кеңесін айтты.

Әрі қарай іс-шара сот саласы қызметкерлерімен дайындалған концерттік бағдарламаға жалғасты.

Кездесу соңында Ғ.Бапахов іс-шараның ұйымдастырушыларына зор алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар мен қызметтеріне жетістіктер тіледі.

 

Нұргүл Қанатбаева

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив