Дауларды сотқа дейін және сотта шешу тиімділігі.

Дауларды сотқа дейін және сотта шешу тиімділігі.

       Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасында болып жатқан жер, қарыз ақша өндіру, балағат сөз сөйлеу, келтірілген материалдық шығынды өндіру және  т.б. азаматтық даулар немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қақтығыстарды сотқа дейін Билердің көмегімен шешуге болатынын біледі. Билердің ең бірінші мақсаты ренжіскендерді татуластыру, кетіскенді бітістіру, дауласушы жақтарды табыстыру, мейірім мен сыйластық, татулық пен берекені сақтау және нығайту.

      Билер сотқа дейін татуласу – даукестіктің деңгейін төмендете отырып, дауларды бейбіт келісім арқылы тиімді шешуді қолға алады. Араздасқан азаматтарды сотқа дейін бітімге келтіреді, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіріп жүйелі сөзге тоқтатады. Келісу мәдениетінің маңызын арттырады.

      Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі.

      Татуласуда уақыт жоғалмайды, ақша үнемделеді, қатынас үзілмейді, жүйке мен абырой-бедел сақталады. Денсаулығы мен алтын уақыттарын айтыс-тартысқа жұмсамайды.

       Бітімгершілік болмаған жағдайда сотта істің қаралуы созылып кетуі мүмкін, іске нүкте қойылғанға дейін бірнеше сот отырысы өтеді, қайта-қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырып қоюға тура келеді.        Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз, жол шығыны болады. Осыншама кезеңдерден өтесіз де дау сіздің пайдаңызға шешілетініне еш кепілдік жоқ. Екінші тарап-туысыңыз, досыңыз, қызметтесіңіз болса, екі арадағы қатынасқа, сыйластыққа, әріптестікке нұқсан келеді. Сол себептен кешегі туыстар бүгінгі жау, кешегі достар бүгінгі қасқа айналуы әбден мүмкін. Бүгінгі таңда мемелекет халыққа өте ыңғайлы және пайдалы жолын таңдауды ұсынып отыр, ол бітімгершілік.

       Бітімгершілікке келу үшін барлық жағдай жасалған, біріншіден дауласқандар жақтар Билерге жолығады, Билер болса екі тарапқа дауды сотсыз шешудің оңтайлы жолын тауып береді. Мысалы біреудің мүлкін ұрласа, немесе біреудің денсаулығына зиян келтірсе, егер ол қылмыстық істер онша ауыр емес, орташа ауырлыққа жататын болса, онда аталған қылмыстық істі сотқа дейін АІІБ-де Билердің қатысуымен шешуге толық мүмкіншілік бар екенін аудан тұрғындары біліп қолданып жатыр.

        Билер аудандық сотта ашылған медиация кабинетінде азаматтарды қабылдауды жүргізіп, даулар мен қақтығыстарды сотқа дейін және сотта қысқартуға көп жұмыс атқаруда.

        Қазіргі таңда Б.Момышұлы ауылында билер алқасының 5 мүшесі бар және 14 ауылдық округтардан 3 би алқасынан сайланған, барлығы аудан бойынша 47 билер алқасы бар.

       01.01.2019-11.11.2019 жылдар аралығында аудан медиаторларымен сотқа дейін 19 азаматтық дау, сотқа дейінгі тергеу барысында 2 қылмыстық іс шешілген. Ал сот процесінде 21 азаматтық іс медиациямен 2 қылмыстық іс билер алқасының мүшелерімен шешілген.

        Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Билерге бітімгершілік арқылы шешіліп жатқан даулар бойынша нақты нәтижелердің қорытындысы туралы мәліметтерді үнемі беріп отыруды түсіндірді. Ауылдарда болып жатқан жанжалдар мен дауларды бірінші анықтайтын жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен тығыз қарым қатынас орнату ұсыныстары берілді.

        Халыққа мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік беріліп жатыр, бітімгершілік бүгінгі күнде дауларды, қақтығыстарды сотқа дейін шешудегі өте дұрыс жолдың бірі екенін тұрғындар білу керек.

        Азаматтардың сотқа дейін бітімгершілікке келуіне аудандық сот, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі қолдау жасайды әрі мүдделі.

 

 

Жуалы аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

Даурен Байназаров

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив