Сот жүйесінің имиджін арттыруға бағытталған ақпараттық жадығаттар

Сот жүйесінің имиджін арттыруға бағытталған ақпараттық жадығаттар

   Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.

Жас Мемлекеттің ірге тасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс-мемлекетік қызметшілерге жүктелді.

     Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадырлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткіштін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.

      Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.

    Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық - психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.

    Әрбір мемлекетші қызметші өзінің жұмыс орындаған жеке басынның жауапкершілігімен, тәртібі мен қызметшімен әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасы, сенімі қалыптасатынын жақсы түсіну тиіс. «Өзің де жан - өзгені де жандыр» - деген ұлы қағидасы, әрбір мемлекеттік қызметшінің қағидасы болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

    Сот мамандарын таңдау тәртібі құқықтық саяси Концепциядағы сот – құқықтық жүйенің даму бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, сот кандидаттарына қойылатын талаптардың қатаңдығы өзекті сұрақ болып табылады, себебі судьялардың жоғарғы моральдық сапасы сот корпусының қалыптасуының негізі болып табылады.

 Соттар қауымдастығынының өздерінің тарапынан судьялардың судьялар әдеп кодексінің талаптарын сақтауына, барлық жіберілген бұзушылықтарға теңбе-тең, тез жауап қайтаруына қатаң бақылау қажет.

   Қазіргі таңда республиканың соттары мен сот төрешілерінің жұмысының сапасына, тапсырылған іске олардың жауапкершілігін арттыруға және әділсотты жүзеге асырушы Фемидаға қызмет етушілердің жоғары кәсіби және моралдық-адамгершілік қасиеттеріне аса назар аудару қажет. Бұл қасиеттер сот қызметінің нормасы болуы тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің сот корпусының алдына өте маңызды және жедел шешілуі тиіс міндет қойюда. Оны шешу, әділсотты орныдауда қателіктер жібермеуге, соттардың жұмысына басқа тараптан араласуды болдырмауға, сот жүйесіне қоғамның сенімін бекіту және арттыруға мүмкіндік береді.

   Бұл жұмыс аудандық соттан жоғарғы сотқа дейін жоспарлы негізде жүргізіліп отыр, мұндағы міндетті нақты жүзеге асырып отырған Жоғарғы Соттың үлесі.

    Осыған орай, құқықтық тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің беделін арттыру бағдарламасы жасалды. Бағдарлама республиканың соттары мен сот төрешілерінің беделін нығайту бойынша негізгі ақпараттық, ұйымдастырушылық, кадрлық және құқықтық іс-шараларды көрсетеді.

    Осы мақсатты іске асыру барысында тұрақты түрде тренингтер, оқыту семинарлары ұйымдастырылады. Судьялар жоғары сатылы соттарда тәлімгерліктен өтіп, сот төрелігі институтында білімін жетілдіреді. Судья лауазымына үміткерді іріктеу талаптары күшейтіліп, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған өзге де бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

      Біріншіден, судьялар өздерінің жоғары мәртебесіне лайықты болуы тиіс. Мұны біздер сот төрелігін сапалы және жедел жүзеге асырумен, мүлтіксіз мінез-құлықпен және сот қорғауына жүгінген тұлғаларға ілтипатты, ықыласты қатынаспен ұдайы дәлелдеуге міндеттіміз.

Судья және судья лауазымына үміткер азамат жоғары кәсіби білімді ғана емес, сонымен бірге, оған адами қасиеттер тән болып, түсіністікпен қарай білуі тиіс.

Қазақтың әдет – құқықтық жүйесінде билер сотының мәртебесі мен мәнін айқындайтын бірқатар айшықты қағидаттар және нормалар қалыптасқан. Олар халықтың құқықтық түйсігіне терең бойлап, көп жағдайда оның әдеттегі ділінің мазмұнын анықтаған. Осындай асыл ойлар сот жүйесі имиджін көтеруге басты формуласы болып табылады. Бұл сөздерде бүгінгі судьялардың қандай болуының мағынасы мен маңызы және қандай талаптарға сәйкес болу керектігінің негізі қаланған.

Судьялардың әрбір іс-әрекеті барлық уақытта қоғамның назарында, көпшіліктің көз алдында болады. Судьяның сот процесін біліктілікпен, сауатты жүргізуінен және қабылдаған шешімінен сот жүйесі туралы жалпы қоғамдық пікір қалыптасады. Сот мәжілісіне қатысатын тараптардың және олардың өкілдерінің нақты бір судьяға жан-жақты мінездеме бере және ол пікірдің көп жағдайда объективті болатыны дауысыз.

     Қазіргі таңда мемлекет тарапынан судьялар үшін сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға барлық жағдай жасалуда. Жылдан-жылға соттарды қаржыландыру ұлғаюда, еңбекақы өсуде, әлеуметтік кепілдік мәселелері жоспарлы түрде шешілуде. Осыған байланысты, халықтыңсоттан тиісті қайтарымды күтуі орынды. Бұл қайтарымның қаншалықты тиімді болары бірінші кезекте судьялар қауымдастығына тікелей байланысты.

    Қазіргі таңда маңызды іс-шаралардың бірі болып, сот жүйесінің қызметкерлері мен сот төрешілерінің біліктілігін арттыру Институтының Жоғарғы Сотының жанындағы арнайы оқу орнында білім беру болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот Төрелігі институты еліміздің сот корпусының жоғары кәсіби резерві мамандандырылған магистратурасында даярлау, сондай-ақ, республиканың сот жүйесін халықаралық жаһандану жағдайларында сот төрелігін лайықты жүргізуге қабілетті судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігі нарттыру мақсатында құрылды.          Әлемдік білім беру стандарттарынасәйкес,Қазақстан сот жүйесініңжоғарыбілікті кадр резервіндаярлау, қазіргі судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, сот жүйесі мен сот төрелігі саласында ғылыми қолданбалы зерттеулерді жүргізу. «6М030100 Заңтану» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы арқылы даярлау жүзеге асырылады. Оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға заң ғылымдарының магистрі дипломы беріледі.

    Сот төрешілерінің бос орындарына конкурсты өткізу бойынша функциялар Жоғарғы сот кеңесіне берілді, бірақ іріктеу процедурасы мен критерийі жалпы қоғамнан да және сот қауымдастығынан да жабық күйде.

Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген сот төрелігіне бос орындарға:

-облыстық соттар, одан кейін қалалық жәнек аудандық соттардың қатысуға құқы бар;

-конкурсқа бірнеше соттар қатысу кезінде кімнің дәрежесі жоғары сол адамға артықшылық берілуі тиіс;

-тең кластарда- тәжірибесі мол адамдарға;

-өтілі тең жағдайда-өзгерту және жоюдың аз көлміне ие адамдарға;

-соттарда, прокуратура органдарында заңи қызметтің мол өтілі барларға берілуі тиіс.

Бұл талаптардың жұмыс істеп отырған соттарға маңызы зор,өйткені ірі қалаларда сотта ешқашан жұмыс істемеген кандидаттар іріктеліп, тәжірибесі бар сот төрешілері қойылған талаптарға сай келмей жататын жағдайлар жиіліеп кетті. Одан басқа, бұл жүйе тәжірибелі сот төрешілеріне үлкен стимул береді, ал жаңадан тағайындалған сот төрешілеріне аудандық соттарда тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді, ол өз кезегінде істі қарау сапасына ықпал етеді.

       Қорыта келе, сот – құқықтық реформаның ағымдағы деңгейінде көрсетілген шаралар, сот беделін сот билік органы ретінде көтерілуіне мүмкіндік берді. Адамдар өздерінің құқықтарын қорғау мендауларды шешу үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік алды. Азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің ұлғаюы, сот статустарының бекітілуі, сот төрелігінің қол жетімділігі осы мемлекеттік құжатына көрсетілген. Берілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында профессионалды деңгейде жұмыс жасау қажет. Мемлекеттің күші Қазақстан Республикасының азаматтарының бостандығы мен құқығын қорғауға бағытталған сот жүйесінің тұрақты және күшті болуы болып табылады.Қазіргі күннің міндеті соңғы жылдағы сот реформасының жетістіктерін және оның алға жылжуын бекіту болып табылады.

 

Ақтөбе қаласы мамандандырылған тергеу сотының бас маманы сот мәжілісінің хатшысы                                             

Амангелдиев Т.Г.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив