Облыстық соттың төрағасы облыс соттарымен 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз мәслихатын өткізді

Облыстық соттың төрағасы облыс соттарымен 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз мәслихатын өткізді

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Аметов облыстық соттардың 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары бойынша республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне баспасөз мәслихатын өткізді.

Іс-шараға апелляциялық сот алқаларының төрағалары мен облыстық соттың судьялары және БҚО соттар әкімшісінің басшысы мен бөлім басшылары қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  Б.Аметов өз сөзінде сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды.

Сондай-ақ, облыс соттарының жұмысының негізгі көрсеткіштері, атап айтқанда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикасы    бойынша көрсеткіштері мен сот этикасы жөніндегі комиссияның жұмысы және соттардың БАҚ-пен өзара әрекеттестігі туралы аттап өтті.

Сонымен, статистикалық көрсеткіштер сәйкес, есептік кезеңде азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру, азаматтық істерді қабылдау санының азайғаны сипатталады.

2019 жылдың 9 айында облыс соттарына 16985  өтініш пен 386 істер келіп түскен, ал 2018 жылдың  9 айында 22933 өтініш пен және 464  іс келіп тіскен, ол 2019 жылы келіп тіскен істер санының 5948 өтінішке азайғанын және 78 іс көбейгенін көрсетеді. Ал аяқталған істер санының 15 247 іс  немесе 27,9% (15247/21173) азайғанын көрсетеді.

2019 жылдың 9 айында апелляциялық сотқа апелляциялық шағымдар мен прокурордың өтінішхаты бойынша 2141 іс келіп түсіп, 1 939 азаматтық іс қаралған. Қаралған істер бойынша 8292 шешім шығарылған, оның 98 шешімі немесе 1,18% күші жойылған.  Өткен жылмен салыстырғанда 45 іске немесе 0,4%  аз екені көрсетіледі. Сондай-ақ, бітімгершілік келісіммен -5, медиация тәртібімен - 15, талаптан бас тарту - 22 іс аяқталған.

Азаматтық істерді санының көбісі Орал қаласының №2 сотында - 10 193 іс немесе 66,8% барлық аяқталған істердің (15 247) және БҚО МАЭС - 1 818 іс немесе 11,9%. Осылайша облыста қаралған азаматтық істердің жалпы санының негізгі 78,7% Орал қаласының №2 соты мен БҚО МАЭС қаралған.

2019 жылдың 9 айында жалпы аяқталған істер саны - 15 247 (2018жылдың 9ай -21173), оның  татуласу рәсімдерін қолдану арқылы 1 357 (1091) азаматтық іс аяқталған немесе 4,8% (4,6%) құрады. Ал оның ішінде 1 213 (946) іс медиация тәртібімен, 14 (26) іс, партисипаттық процедурасы, 130 (119) іс бітімгершілік келісім шарты жасасқан.

Облыстық соттардың қылмыстық істерді қарауы туралы айтатын болсақ, 2019 жылдың 9 айында соттарға 1219 қылмыстық іс түскен, 1375 тұлға қатысты (2018 жылдың сәйкес кезеңінде 174 іс / 246 тұлға). Үкім шығарумен  834 қылмыстық іс 947 тұлға қатысты қаралды  (2018 жылдың 9 айында 937 іс /1064). Ал сотпен ақталғандар 21тұлға (2018 жылдың 9 айында 22 тұлға) ақталды. 204 қылмыстық іс (2018 жыл 9 айда - 287 іс) тоқтатылды. Сотпен кәмелетке толмағандардың сотталғандар саны – 22, 2018жылдың 9 айына қарағанда 12 сотталған немесе 45,4% -ға кәмелетке толмағандардың саны өскен. Медиацияны қолдану арқылы 174 қылмыстық іс ( 2018 жылдың 9 айында - 260 іс) аяқталған.

2019 жылдың 9 айындағы қылмыстық істер бойынша облыстық сотқа апелляциялық шағымымен немесе прокурордың өтінішімен 145 қылмыстық іс  168 тұлғаға қатысты қараған. Оның ішінде 5 іс бойынша 11 тұлғағаға қатысты сот үікімінің күші жойылған, 17 тұлғағаға қатысты 14  іс бойынша үкім өзгертілді.

2019 жылдың 9 айында статистикалық мәліметтер бойынша  12 132 әкімшілік іс келіп түскен. Алайда 2018 жылдың 9 айындағы мәліметіне сай  келіп түскен әкімшілік істер санының көбейгенін көрсетеді. Сонымен қатар, 11 573 немесе 559 (4,6%) және 11 770 іс қаралды (2018 жылдың 9 айында - 11 430 іс), олардың саны 340 немесе 2,8% -ға артты.

Әкімшілік істердің ең көп саны Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында - 6833 іс немесе 58%, Бөрлі аудандық соты - 1135 іс немесе 9,6%, Бәйтерек ауданының №2 соты - 472 іс немесе 4,0%, Жаңақала аудандық соты - 343 іс немесе 2,9% қаралған.

Медиация барысында 939 әкімшілік іс тоқтатылды.

Әкімшілік істер бойынша 2019 жылдың 9 айында облыстық сотқа апелляциялық шағымымен немесе прокурордың өтініші бойынша 278 іс келіп түсіп,  258 іс қаралды. Оның ішінде 33 іс бойынша шешімнің күші жойылып, 4 іс өзгертілді. Сондай-ақ, 6 әкімшілік іс сотпен қайтарылып, ал 10 әкімішлік іс қайта кері қайтарылды.

Баспасөз мәслихаты барысында облыстық соттың төрағасы Б.Аметов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив