Батыс Қазақстан облыстық сотында фронт-кеңсесі ашылды

Батыс Қазақстан облыстық сотында фронт-кеңсесі ашылды

 

Батыс Қазақстан облыстық соты «OpenSpace» азаматтарға қызмет көрсетудің кедергісіз приниципіне ауысты.

Облыстық соттың төрағасы Бек Әметов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев облыстық сот ғимаратында орналасқан фронт-кеңсесін ашты.

Соттың фронт-кеңсесі «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде халыққа заманауи қызмет көрсетудің стандарттарын есепке ала отырып ашылды.

Б.Әметов іс-шарада сөйлеген сөзінде сот қызметінің жаңа бағыты халықтың мемлекеттік қызметке қол жеткізу деңгейін арттыруға және сот қызметінің халық үшін анық болуына бағытталғанын атап өтті. «Мұнда кез келген азамат толық көлемде құқықтық қызметтерге қол жеткізе алады», -деді ол.

Фронт-кеңсе үш бөліктен: ақпараттық орталықтан, кіріс хат-хабарлар мен халықтың өзіне өзі қызмет көрсету аумағынан тұрады. Қызметтерді көрсету аумағы қажетті техникамен, қазіргі заманғы әрі жайлы жиһазбен жабдықталған. Залдың өзі адамдар үшін жағымды ахуал туғызатындай жасыл түстерге басымдық беріліп безендірілген.

Атап өту қажет, бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы соттарында он бес фронт-кеңсе ашылып, өз жұмыстарын атқаруда.

  

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив