Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады.  Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

 Осы орайда Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырып келеді Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық – сот жүйесінің алға жылжуын тежейді, бүкіл жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп əкелетін, сотқа деген сенімзідікті тудыратын, қатерлі дерт. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін, әдептілік ұстанымын жемқорлыққа деген төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру керек. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

      Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі - осы дертпен күресу болып табылады. Бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұру үшін мынадай негізгі қағидаттар арқылы  қол жеткізе аламыз.Біріншіден жүйелілік қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін ғана анықтаумен шектелмеуге тиіс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты одан әрі жою мақсатында оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізу қажет.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мінез-құлықты тұрақты негізде арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту қажет.Екіншіден Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес баршаның заң мен сот алдында теңдігі қағидаты. Заңды мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шарты болып табылады.Үшіншіден сот жүйесінің анықтығы, ашықтығы қағидаты. Азаматтар мен ұйымдар ақпаратты заңмен тыйым салынбаған  тәсілмен еркін алуға құқылы, ал соттар мұндай ақпараттарды заңға сәйкес ұсынуға міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті әрі қолжетімді болуға тиіс.

 

         Қоғамның əр мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық жəне əлеуметтік жамандық деп қабылдаған жағдайда ғана қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениеті қалыптасады.Сот жүйесіндегі сбайлас жемқорлықтың алдын алау бүкіл судьялар корпусы мен сот жүйесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі белсенді ұстанымына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау сот жүйесінің табысты әрі нәтижелі жұмысының, сондай-ақ халықтың сотқа деген сенімінің артуының кепілі болып табылады. Осы ретте сот жүйесі қызметкерінің ашықтығы, жұртшылықтың олардың қызметіне қол жеткізуі, соттардың қызметінің анықтығы, сондай-ақ кез келген деңгейде сыбайлас жемқорлық көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыз болу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі ең әсерлі шара болып табылады.       

          Қорыта айтар болсақ, еліміздің  Президенті алға қойылған міндеттерін іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы соттардың қоғам мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуі елімізді өркендетуге жəне азаматтарымыздың əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ! Олай болса, баршамыз бұл іске бір кісідей атсалысайық дегім келеді.

  

Н. Тұркменбай

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының сот приставы                                                  

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив