Базалық сотта сот сараптамасын тағайындауда және өндірісте туындайтын маңызды  мәселелер талқыланды

Базалық сотта сот сараптамасын тағайындауда және өндірісте туындайтын маңызды мәселелер талқыланды

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында «Азаматтық істер бойынша сараптаманың тағайындалуы мен өткізілуін ретке келтіретін заңнаманы қолдану проблемалары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Оның жұмысына Орал қаласының №2 сотының судьялары, сонымен қатар аудандық соттардың судьялары бейне байланыс арқылы қатысты.

Дөңгелек үстелді аша отырып сот төрағасы Азамат Борамбаев  азаматтық сот ісін жүргізудің негіз құраушылық принциптерін жүзеге асыру үшін сот сараптамасын тағайындаудың ерекше маңызы бар екенін атап өтті. Сот практикасында процестік дәлелдеудің толыққандылығын қамтамасыз етуге көбінесе тараптардың немесе сот бастамасы бойынша сараптама тағайындау жолымен қол жеткізіледі.

Дәлелдеудің түрі ретінде сараптама тағайындау мәселелері бойынша сот судьясы Хатима Ерсенова сөз сөйлеп, сот сараптамасын тағайындау және өткізу мәселелеріне кеңінен тоқталды.  

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін сотпен 18 сот сараптамалары тағайындаған. Олардың 6-уы соттардың бастамасы бойынша, 12-сі  – тараптардың бастамасы бойынша тағайындалған.

Талқылауды қорытындылай отырып, оған қатысушылар азаматтық істер бойынша сараптамалардың тағайындалуы мен өткізілуін реттейтін заңнаманы қолдану бойынша ұсыныстар жасады, бұл ұсыныстар  барлық мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберілетін болады.

 

О.Ташимова

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив