Ер адам түрмеде отырып-ақ Қазақстанның  аңғал азаматтарын алдап келген.

Ер адам түрмеде отырып-ақ Қазақстанның аңғал азаматтарын алдап келген.

 

С. деген кісі алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін жазасын Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жүріп, 2017 жылы өзімен бірге сол мекемеде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген басқа адаммен, сондай-ақ өзінің зайыбымен және басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, зайыбына «Жилсоцкредит» кредиттік серіктестік» ЖШС құру міндетін, ал басқаларына серіктестікке құрылтайшы, азаматтарға компанияның жұмысын түсіндіретін офис менеджер ретінде кіру міндеттерін жүктейді.

Компания заңды жұмыс істеп жатыр деп көрсету үшін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тиімді шарттармен кредит беру жөніндегі тартымды бағдарламаларды әзірлейді.

2017 жыл мен 2018 жылдың аралығында көрсетілген адамдар қылмыстық рөлдерін өзара бөлісіп, жалған бағдарламаларға қатысу үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінен көптеген азаматтарды тарту арқылы үлескерлік жарна туралы және үлес жарнасы ретінде салымшылармен 124 560 теңге мөлшерінде қаражат енгізуі туралы шарт жасасады, сондай-ақ  түрлі сомадағы ақшаны «депозитке» салу бойынша сенімді басқару шартын жасасады.

Жәбірленушілер, өз кезектерінде, сотталушының қылмыстық ниетіне күмәнданбай, әлеуметтік кредит беру бағдарламасына, сондай-ақ тиімді шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін алатындарына сенген және компанияның есеп шотына екінші деңгейдегі банкілер арқылы түрлі сомадағы ақша енгізген.

Компанияның есеп шотына ақша түскеннен кейін олар азаматтарды жақын арада заем сомасын немесе депозит салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін   жақын арада алатындарын айтып сендірген, сырт көзге инвестициялық бағдарламаның жұмысын көрсету үшін олардың кейбіреулеріне басқа салымшылардан түскен қаражатты аударып отырған.

Жоғарыда көрсетілген адамдардың қылмыстық әрекеттерінен Қазақстанның 200-ден астам азаматы 80 миллион теңге сомасында жәбір шеккен.

Алматы ауданының №2 сотының үкімімен С. 13 жылға бас бостандығынан айырылды, ал қылмыстық істің басқа қатысушылары 6 және 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив