Еңбек дауларының алдын алу шаралары жалғасуда

Еңбек дауларының алдын алу шаралары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотымен медиация институтын дәріптеу, даудың соттан тыс шешілуінің ауқымын кеңейту мақсатындағы іс-шаралар жүргізілуде.Еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шарасы Оқушылар сарайының қызметкерлерімен өтті. Іс шараға Орал қаласының №2 сотының судьясы Алтынбек Құспанов қатысып, ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып отырған «Татуластыру: сотқа дейін, сотта», сонымен қатар еңбек ұжымдарындағы қақтығыстарды қысқартуға бағытталған «Еңбек дауларының алдын алу» пилоттық жобалары туралы әңгімеледі. Судья пилоттық жобаның мақсаты жеке даудың қаралуы және шешілуі соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясы тарапынан жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ судья статистикалық мәліметтер келтірді. Сотпен үстіміздегі жылдың 9 айында еңбек даулары бойынша 111 іс қаралып, 18-і кері қайтарылды, қараусыз  19 іс қалдырылып, татуластыру шараларын қолдану арқылы 21 іс және 33 іс бойынша оң шешім шығарылды.Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек дауларын шешуде тараптар арасында өзара байланыс орнатудың маңызды екендігі жөнінде ортақ тоқтамға келді.

 

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив