Баламен араласу тәртібін  айқындау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасы.

Баламен араласу тәртібін айқындау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасы.

 

Ата Заңымыздың 27 бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті деп көрсетілген. Демек, Ата Заңымыздың басты қағидаларының бірі- Отбасын қорғау және қолдау, жанұялық құндылықтарды орнықтыру мен насихаттау болып табылады.

Әр баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлу,  олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн көру құқығын жүзеге асыру- қолданыстағы неке және отбасы заңнамасының басты қағидаларының бірі болып танылады. Ар-ұят, намыс- адам бойындағы асыл қасиет, барлық тәлім-тәрбие басы отбасынан.

Өкінішке орай, қазіргі таңда отбасы, яғни ата мен ана арасында ажырасу жиі орын алуда.

          Осындай жағдайда Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық  мамандандырылған сотында  «Отбасылық сот» Жобасы өткізілуде.  Жоба аясында судьялар аталған санаттағы істерді қарау кезінде жанұяны сақтап  қалуға,  балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, ажырасатын  жас отбасыларының санын азайтуға көбірек назар аударуда.

Жобаға Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 27 бабының 3 бөлігімен көзделген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына жататын істер, соның ішінде ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау туралы азаматтық істер кіреді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

Бұндай өтінішхаттар  орталықтан шалғай аудандарда тұратын, немесе  материалдық қиын  жағдайға ұшыраған, немесе  кәмелетке толмаған баланың не өздерінің  денсаулықтарының нашарлығына байланысты  сотқа келе алмайтын ата-анамен берілуі мүмкін.

Аталған санаттағы азаматтық істер бойынша міндетті түрде сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібін сақтау  талап етіледі.

Яғни, баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы ата-аналар өзара жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.

        Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.

         Заң талаптарына сай, егер талап қоюшы  сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібін сақтамаса, жіберілген кемшілікті жою үшін  талап арыз талап қоюшының өзіне қайтарылады.

         Істі сотта қарау барысында  сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

                   Ата-ана сотта дауласқан жағдайда әрине  сот процесіне тартылған  бала зардап шегеді. Сондықтан да  осындай баланы сүйемелдеу, психологиялық тұрғыдан қолдау мақсатында істерді сотқа дайындау барысында тараптармен міндетті түрде психолог маманы және медиаторлар жұмыстанады. Олар тараптардың дауды  өзара келісіммен аяқтауға кедергі келтіретін  мән-жайларды жоққа шығару, тараптарды татуластыру және бітімгершілікке келу үшін өз ықпалын тигізеді. Бұдан басқа, кәмелетке толмаған баланың  дауға қатысты пікірін анықтау мақсатында  әр баламен жеке диагностикалық  жұмыстар атқарып, қажет болған кезде ата-анаға  тиісті ұсыныстар мен кеңестер  беріледі.

         Істерді қарау кезінде сот тараптарға дауды өзара келісіммен  аятқаудың ұтымдылығын, яғни бұндай сот актісі тараптармен еркін түрде орындалатынын, мемлекет пайдасына төленген  баж қайтарылатынын ескертеді.

       Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде сот орындаушылар арқылы мәжбүрлеп орындалуға жатады.

       Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.

        Әр қаралған іс бойынша сот тараптарға бөлек тұратын ата-ананың баланы тәрбиелеуге құқылы және мiндетті екенiн, ал баламен бiрге тұратын ата-ананың бұған кедергi жасауға құқы жоқ екенiн. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар екенін. Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс екенін міндетті түрде түсіндіреді.

         Осындай жағдайда, Елімізде   жүзеге асырып жатқан «Отбасылық сот»  Жобасы әрине  өте орынды және  өзекті болып табылады.  Бұл  жанұяны сақтап  қалуға,  балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, ажырасатын  жас отбасыларының санын азайтуға өз үлесін қосуға тиіс.

 

Ешпанова Ж.Б.

БҚО кәмелетке толмағандардың істері

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив