Бітім-тараптар үшін тиімді тәсіл

Бітім-тараптар үшін тиімді тәсіл

Елбасымыз Қазақстан Республикасы Президентінің судьялардың V съезінде сот тәртібінде қарастырылуға жататын даулар санын азайтуға назар аударып, оларды шешудің балама тәсілдерін, соның ішінде бітімгершілік рәсімдер мен медиацияларды енгізуді тапсырған сәтінен бастау алып, қанат жайа бастаған болатын.

Еліміз егемендік алған уақыттан бергі кезеңде, өзінің құқықтық саясатының басты бағыты ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерінің қорғалуына негізделген құқықтық мемлекет құруды таңдағаны мәлім. Осы мақсатта Елбасының 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі құқықтық саясатының Концепциясы» бекітіліп, онда сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сотқа қатысушы тараптардың өз құқықтарын барынша толық жүзеге асыруына жағдай жасау, тұлғаның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерінің уақтылы қорғалып, қалпына келтірілуіне қол жеткізу шаралары көзделген. Концепцияда тараптардың арасындағы жеке құқықтық дауларды шешуде сот ісін жүргізу және соттан тыс тәртіпте дауды бітімгершілікпен шешудің әр түрлі баламалы жолдары мен әдістерін, оның ішінде медиация, делдалдықты қолдану айтылған.

Медиацияны қолдану аясын кеңейту үшін ол жөніндегі насихат жұмысын қолға алу қажет. Медиация сөзін азаматтар көп жағдайда жете түсіне бермейді. "Медиация" латыннның "медиагере" -" бітімгершілікке жүру" сөзінен алынған. Медиациға жүгіну үшін тараптар медиацияның не екенін білуі тиіс. Бітімге келу үшін оларды бітістіретін тұлға болуы қажет. Ол - медиатор.

Медиаторлардың кім екенін, қай жерде орналасқанын, олармен қалай хабарласу мүмкіндігі туралы қолжетімді мағлұматты болу керек.

Медиаторлар тараптардың еркімен дауларға араласып, оларды бітімге келтіруде.  Медиация заңы қабылданар алдында шетелдің, Америка, батыс елдеріндегі медиация институттарын зерттей отырып қабылданады. Дегенмен, өз  тарихымызға көз жүгірте отырып, медиацияның яғни бітімгерліктің қазақ билерінің кеңінен пайдаланған билік құралы екендігі айқындалады. Тараптарды табыстырып, екі жақты ұтымды жағдайға келтіре білген.

2016 жылы қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік кодексіне татуласу рәсімдері бөлек тарау ретінде бекітілді. Осы кодекстің 174 бабының тәртібі бойынша сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетіні көрсетілген. Іс жүргізу заңының жаңадан енгізіліп бекітілген өзгерістері бойынша бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтініш хаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Осыған сәйкес республиканың барлық судьяларымен медиация тәртібімен  дауды реттеу бағытында олардың кәсіби - біліктіліктіліктерңн арттыру шаралары қолданылады. Медиацияны аппеляциялық сатыдағы сотта өткізуі үшін іс әдетте соттың алқалы құрамындағы судьялардың біреуіне беріледі.

        Медиация сотта "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінде белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі. Сот тараптардың өтініщ хаты бойынша медиация рәсімін белгіленген мерзім шегінде кейінге қалдыруға және егер басқа тұлғалардың  қатысуы дауды реттеуіне ықпал етсе, оларды медиацияға шықыруға құқылы.

        Егер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.

        Процесті кодексінің бұл ерекшеліектері медиацияның іс жүргізудің барлық сатысында өткізуге мүмкіндік береді. Медиацияның мемлекет және ең маңыздысы халық үшін жағымды жақтары көп болғандықтан соңғы реформалары оны дамытуға бағытталған. "Медиация туралы" заңының қолдануы өркениет көшіне бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асыралып жатқандығының айқын көрінісі екендігінің айғағы. 

 

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының

судьясы Е.Ибраимов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив