«Тіл тағдыры – ел тағдыры»

«Тіл тағдыры – ел тағдыры»

Біздің ел – татулық достықтың, бірліктің киелі бесігі. Қазақстанымызда көп ұлттар мекен етеді, олардың барлығы менің туған жерім, елім, тілім – деп жырласа мемлекеттік тіліміздің  абыройы артып отырғаның айғағы іспетті.

Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.  Тіліміздің тарихы – халқымыздың тарихының көрінісі. Тіл – халықтың жаны, мәдениетіміздің айнасы. Сондықтан шұбарланып кеткен тіліміздің мерейін өсіруімізге атсалысуымыз керек. Сонда ғана мемлекетіміздің мәртебесі өседі. Қоғамдағы өзгерістердің бәрі тілге, оның дамуына әсер етеді. Өйткені тілдің тағдыры сол тілде  сөйлейтін, сол тілді қолданушы, сол тілді жасаушы ұлт, халық тағдырымен тамырласып жатады.           

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деген болатын. Демек тілді дамытып, оның қолданылу аясын кеңейтіп жұмыс істеуде жауапкершілік жүгі жатырғанын әр адам саналы түрде түсіну қажет.   

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында сот саласы қызметкерлерінің іс қағаздары толық қазақ тілінде жүргізіліп келе жатырғанына да бірнеше жыл болды. Заманымыздың бір туар тұлғасы  Әбіш Кекілбаев «Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл» деген болатын.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерді және бюджеттік қызметкерлерін қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында Соттар әкімшісі мен жергілікті соттардың қызметкерлері арнайы семинар сабақтарына қатысып, процессуалдық іс жүргізуді қазақ  және орыс тілінде жүргізу жөнінде сабақтар алып, өз тілдерін арттырып, сертификаттар алуда.

Тілдің ертеңіне сенімді нығайтуда отырыстар мен алқалы жиындар, іс-шаралар ұйымдастыру міндетті. Жиналыс хаттамалары тек мемлекеттік тілде дайындағанда ғана мемлекеттік тілдің мәртебесін сақтай аламыз.

Қазақстандағы барлық халықтардың тілі мемлекеттік тіл ретінде қалыптасса, осы бетбұрысты ұстанған қоғамдық іс-шаралар жемісті жұмыс істегенде ғана оң нәтижеге бермек.

Бүгінде әр азамат тілдің – үш тұғырлығын дамытып, тілдің беделін арттыруға үлес қосуы міндетті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXVI  сессиясында «Тіл мәселесіне қатысты Қазақстанда қол жеткізілген жалпыұлттық келісім – бұл біздің «алтындай қымбат шешіміміз» екеніне нық сенімдімін» деп мәлімдеген болатын.

Рухани құндылығымыздың алтын діңгегі. Мемлекеттік тілдің тағдыры жаны қазақ азаматтарды алаңдатпай қоймайды.

«Ел сөйлесе бір тілде, сен де сөйле, іркілме»- деген жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің орамды сөздерін ойға ала отырып, қалың елім қазағыма айтарым мемлекеттік тілді өркендетуде өз үлесімізді қосуда аянбай еңбек етейік дегім келеді... 

Айдана Берікова

Орал қаласының №2 сотының

бас маманы-сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив