Инновациялық жаңғыру – өркениетке бастайды

Инновациялық жаңғыру – өркениетке бастайды

 

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ел егемендігін алған сәттен бастап, құқық қорғау қызметінде іргелі-іргелі бастамалар қолға алынып, жүзеге асырыла бастады.

Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында өткен жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнаманлық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы өмірге келіп, күшіне енді. Осы кезеңге дейінгі қалыптасқан қылмыстық процестегі тәжірибе тәртібінің өзгертілуі біздің жұмысымызға айтарлықтай сипат бергендігі рас. Бұл сала жұмысын жетілдірумен қатар, құқық қорғау қызметіне ведомоствалық бақылауды күшейтіп, қылмыстық процесті реформалау арқылы  заңның үстемдігін қамтамасыз етуге жасалған нақты бетбұрыс болып отыр. Қылмыстық процесті жаңғырту халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс.

Н.Ә.Назарбаев «Цифрлы Қазақстан» мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте еліміздің жан-жақты әлеуетін арттыру аясында сандық технологияларды жаппай енгізудің маңыздылығын ерекше атап, айқындап берді. Осыған орай еліміздің сот жүйесінде  тыңғылықты жұмыстар өріс алды. Басқа заңдарды былай қойғанда, төрт бірдей жаңартылған кодекс  қолданысқа еніп, ізгілендірудің ісіне ықпалын тигізіп отыр.

Бұл Кодекстердің жүзеге асуы сот төрелігінің сапасы мен жеделдігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер алады. Құқықтық, демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру үшін біз заңдылықты, заңға бағынуды ең жоғары тұрған және мүлтіксіз орындалатын міндет деп қабылдауымыз керек.

Дамыған елдердің көбінде қылмыстық іс қағаз жүзінде емес, электронды түрде жүргізіледі. Сондықтан  құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті «Е-қылмыстық іс» бағдарламасын әзірледі. Ол қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық жазаны орындау кезеңдерін қамтиды.

Мұның тиімділігі - бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды, бәрінен бұрын қағазбастылық мүлде азаяды. Ал, электронды форматқа көшірілген істер бұдан да тезірек тергелмек. Жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын кез-келген уақытта онлайн режімінде көре алады. Мұнда электронды шағымдар моделі жұмыс істей бастайды. Қазіргі кезде барлық қылмыстық іс жүргізу цифрлы түрге ауыстырылды.

       Отыз дамыған елдің қатарына кіру үшін заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары сот жүйесіне жүктелген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асанов заңгер қауымдастығына  сөйлеген сөзінде   «Сотына сенген ел - келешегіне де сенеді, соттардың басты міндеті - сот төрелігіне сенім және құқық үстемдігі болады» деп айтқан болатын.

Сот жүйесінің алдында тұрған кезек күттірмес міндеттерді іске асыру – біздің барлығымыздың  абыройлы борышымыз деп санаймын.

 

Бисенова А. А.

Казталов ауданының №2 сотының кеңсе меңгерушісі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив