Оралда бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындау және орындау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

Оралда бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындау және орындау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау және сотталғандардың қайталап қылмыс жасауларының алдын алу мәселелеріне жөнінде «дөңгелек үстел» өткізді.

Шараға қылмыстық істер қарауға мамандандырылған судьялар, прокуратура және қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

А. Жұмағұлов шараны ашып, бүгінгі күні облыста пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасау фактілері кездесетінін хабарлады.

Оның айтуынша, 2018 жылдың 8 айында пробациялық бақылау кезеңінде бас бостандығын шектеу түрінде жазасын өтеп жатырған 51 сотталған қайталап қылмыс жасаған, оның ішінде 44 тұлға қылмысты тұрғын-жайдан тыс жерде жасаған, оның 20-ы түнгі мезгілде. Сондықтан, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларын өтеп жатырған тұлғалардың арасында қылмыстың қайталанылуын азайту қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу барысында сотталғандардың пробациялық бақылау кезіндегі жазасын өтеу мәселелері жөнінде баяндамалар тыңдалып, сотталғандардың жазаны өтеу бойынша сотпен жүктелген міндеттерді орындамау себептері талқыланды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың ұсыныстары негізінде пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың арасында қылмыстың қайталануы деңгейін төмендету бойынша ұсынымдар әзірленді. Пробациялық бақылаудың шарттарын бұзған сотталғандарға әсер ету әдістері ұсынылды.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив