Медиация институтын әкімшілік сот ісін жүргізуде қолдану

Медиация институтын әкімшілік сот ісін жүргізуде қолдану

       Қолданыстағы  әкімшіліқ құқық бұзушылықтар туралы кодексінде келісім жасасу кезінде тараптарды медиация тәртібімен татуластыру рәсімі қарастырылмаған, алайда іс жүзінде "Медиация туралы" Заң нормаларын қолдану әкімшілік сот ісін жүргізуде ӘҚБтК-нің қағидаттарына қайшы келмейді және процеске қатысушылардың құқықтарын бұзбайды.

       Медиация туралы" Заңның 1-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

        Мәселен, әкімшілік кодекстің 73-бабындағы ескертпеге сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi. Яғни, отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын отбасылық-тұрмыстық қатынастар жоғарыда көрсетілген әкімшілік істер бойынша медиацияны қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды.  Көбінесе, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың құрбандары болып әйелдер, яғни құқық бұзушылардың әйелдері немесе азаматтық жұбайлары болып табылатыны құпия емес; кейбір кездерде, отбасылық дебоширдің жәбірленуші ретінде  қарт ата-аналары, апа-қарындастары, ағалары мен отбасылық дебоширдің балалары  табылады.

       ӘҚБтК-нің 64-бабының нормаларына сәйкес, ӘҚБтК-нің 73-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен татуласуына байланысты қысқартылуға жатады. Өзара татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады; медиация қолданылған жағдайларда дауды шешу туралы келісім қажет.

        Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданының №2  аудандық сотының  статистикасына сәйкес, 2019 жылдың 8 айында   Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің жалпы санының 30 әкімшілік іс қаралды, оның  20-ы  отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады, сол бап бойынша 10 тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 64-бабы негізінде құқық бұзушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасауына байланысты істер тоқтатылды.

ӘҚБтК-нің 73-1 бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) алты іс қаралды, оның төртеуі медиация тәртібімен қысқартылды;  кодекстің  73-2 бабы бойынша (ұрып-соғу)  он сегіз әкімшілік іс аяқталып, оның 12-і бойынша медиативтік келісімдердің жасалуына байланысты әкімшілік істер тоқтатылды.

       Осылайша, медиация институты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді медиация тәртібімен тоқтату мүмкіндігін жоққа шығармайды.

 

Айгүл Аманжолқызы Бисенова

БҚО, Казталов ауданының №2  аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Leilani 19 сентября 2023 11:40

    What i don't realize is in reality how you're not actually much more smartly-favored than you might be right now.
    You're so intelligent. You understand therefore considerably with regards to this subject, made me in my opinion imagine
    it from so many varied angles. Its like men and women are not fascinated except it's something to accomplish with Girl gaga!
    Your individual stuffs nice. All the time take care of it up!


    my web page ... bexinor en línea entrega rápida

  2. аватар
    Bob 27 января 2024 17:44

    Hi there, just became alert to your blog through Google, and found that it is really informative.
    I'm going to watch out for brussels. I'll be grateful if
    you continue this in future. A lot of people will be benefited
    from your writing. Cheers!

    Look at my web page: achat de Injexate en Espagne

  3. аватар
    Danial 10 апреля 2024 20:34

    Do you mind if I quote a few of your posts as long as I
    provide credit and sources back to your site? My blog site is Medikamente online in Spanien kaufen the exact same area of interest as yours and my users would definitely benefit from some of the information you
    present here. Please let me know if this alright with you.

    Cheers!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив