Қоғамның сот төрелігіне сенімін арттыру және құқық үстемдігі –  реформалардың түйінді мақсаттары

Қоғамның сот төрелігіне сенімін арттыру және құқық үстемдігі – реформалардың түйінді мақсаттары

 

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өзінің бірінші Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет Басшысының аталған Жолдауы, біздің еліміздің одан әрі даму бағытының негізгі векторларын айқындауына байланысты, стратегиялық маңызды құжат болып табылады. Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық және әлеуметтік сұрақтармен бірге азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына да ерекше назар аударылған.

Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін атап өткен Президент сот шешімдерінің сапасын арттыруға,  бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруды қамтамасыз етуге, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу және одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді.

Аталған бағыттарда белгілі бір жұмыстар атқарылып та келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жыл отандық сот жүйесі дамуының маңызды кезеңі болды. Ұлт Жоспары аясында соттарды одан әрі жаңғыртудың маңызды құралы болып табылатын «Сот жүйесінің жеті түйіні» басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Тиімді судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды артық жүктемеден арылту, соттардағы жұмыстың жаңа форматтарын енгізуге бағытталған 17 заң жобалары дайындалды. Сот процестері түсінікті, қолайлы және ақылға қонымды болып, соттардың жайлылығы артты, республика соттарында қазіргі заманғы және келушілерге қолайлы фронт-офистар ашыла бастады.

Мемлекет Басшысының өз Жолдауында баса назар аударған сот шешімдерінің сапасын арттыруға жеке тоқтала кету керек. Жоғарғы Сот жергілікті соттар және заң қауымдастығымен бірлесіп аталған бағытта үлкен жұмыстар атқарды. Аталған жұмыстың нәтижесіде Жоғарғы Соттың «Сот үкімі туралы» және «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы туралы» жаңа нормативтік қаулысы қабылданды. Бұрын егер сот шешімдері жүйеленбеген, көптеген керек емес ақпараттардан тұрса және қарапайым азаматтарға түсініксіз және қол жетімді болмай «ауыр» заң тілінде жазылса, қазір сот актілерінің нысаны мен тілі күрт өзгерді. Сот актілері қысқа және үйлесімді, заң терминологиясының артық «кептелуінсіз» жазыла бастады, халықаралық соттардағыдай анық құрылымы мен бөлімдердің нөмірленуі бар, тараптардың әрбір дәйектеріне уәжделген жауаптардан тұрады.Ең бастысы, енді іс бойынша шешім жариялағаннан кейін судья процес қатысушыларына қабылданған шешімнің уәждерін түсінікті және қарапайым тілде түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап береді. Бұл жаңашылдықтар практикада өзінің тиімділігін дәлелдеп берді, сот актілерін жоғары тұрған сатыларда шағымдалған сот актілерінің саны анағұрлым азайды.

Жолдау аясында Президенттің берген келесі тапсырмасы – бірыңғайсот тәжірибесін орнықтыру болып табылады. Бұрын бірыңғай сот тәжірибесі дәстүрлі әдістермен қамтамасыз етілсе – нормативтік қаулыларды қабылдау, сот тәжірбиесінің талдаулары мен тұжырымдамаларын жасау, жергілікті соттарды Жоғарғы Соттың нақты бір істер бойынша қаулыларына сілтеме жасалса, қазір бірыңғай сот тәжірибесі қазіргі заманғы ИТ-құралдармен қамтамасыз етіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының сот органдарының  «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде судьяларға шешім қабылдау кезінде нақты бір істер санаттары бойынша сот практикасымен, Жоғарғы Соттың талдаулары мен тұжырымдамаларымен танысуға болатын «Судьяларға көмек», «Сот практикасы» және басқа да модульдер мен сервистер бар. Осы арқылы барлық республика бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында кәсіби заңгерлер үшін және жалпы халықтың қолдануына арналған «Талдау» форумы қол жетімді. Жуық арада «Сот практикасының цифрлық талдауы» жүйесін апробациялау жоспарланып отыр.

Осы жерде соңғы жылдарда электрондық сот төрелігіне ерекше көңіл аударылып отырғанын атап өту керек. Цифрландыру – бұлбіраз мәселелерді шешетін сот жүйесін дамытудың жаңа кезеңі. Менің ойымша осы цифрландыру қоғамның соттарға деген сенімін арттырудың іргелі факторы болады, өйткені жаңа технологиялар сот төрелігін айқын және қол жетімді ғана етпей, оны болжамды етеді.

Әкімшілік әділетті енгізуді тапсырғанда Президент азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады, олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді деп орынды атап өтті. Сондықтан Мемлекет Басшысы осы айырмашылықты теңестіретін бұндай дауларды шешудің ерекше тетігін жасауды және енгізуді тапсырды.

Шыныменде, Қазақстанда әкімшілік әділетті енгізу пісіп жетілді, бұған дейін ол жөнінде мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағым келтірумен байланысты істерді қарайтын судьялар үнемі айтып келеді. Қазір мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағым келтіру бойынша нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінің 29-тарауында көрсетілген. Бірақ қазіргі таңдағы бүкіләлемдік тенденцияғасай, тым болмаса жария-құқықтық қатынастар субъектілері тең болмауына байланысты, жалпы азаматтық іс жүргізуден ерекшеленуіне орай жеке әкімшілік әділетті құру қажеттілігі туындап отыр.

Соңғы алты жыл ішінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - ӘРПК) жасау және қабылдау бойынша бірнеше әрекеттер жасалды, тек өткен жылы ғана Жоғарғы Соттың белсенді ұстанымы мен бастамашылығы арқасында осы бағытта нақты ілгерілеу басталды. Судьялар қауымдастығының белсенді қатысуымен ӘРПК-нің жобасы жасалып, жуырда Парламент Мәжілісіне қарауға енгізілді. Аталған жоба бойынша жаңа инквизициялық принцип енгізіліп отыр, бұл тараптардың қандай өтінішхат ұсынуына немесе білдіруіне қарамастан сот ең алдымен шындықты анықтауды мақсат етеді. Сот  дәлелдемелерді жинақтау міндетін жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктеуге құқылы. Оған қоса, ӘРПК-нің жобасында мемлекеттік органның «кінәлілік презумпциясы» бекітілген, яғни сотта арыз беруші емес  мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға өзінің дұрыс шешім қабылдағанын дәлелдеуі тиіс. Бұл жөнінде де Мемлекет Басшысы өзінің Жолдауында айтып отыр. 

Сонымен қатар Президент Парламент пен Үкіметке жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды. Президент ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түріне жататын браконьерлік проблемасында назарынан тыс қалдырған жоқ. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Судьялар күн сайын жоғарыда аталған қылмыстар санаттары бойынша қылмыс жасағаны үшін қылмыскерлерге лайықты жаза тағайындауға жол бермейтін заң нормаларымен, яғнизаңнамамыздыізгілендірудің «келесі жағымен» кездеседі. Бұл өз кезегінде қоғамның келіспеушілігі мен наразылығын туғызады, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланады, ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаза тағайындаған судья әділетсіз сынға ұшырайды. Сондықтан судьялар қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жазаны қатайту жөніндегі Мемлекет Басшысының бастамасын толығымен қолдайды.

Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде келесіні айтып: «Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс...» деп сот төрелігін жетілдіру қажеттілігін атап өткен болатын. Мемлекет Басшысының бұл сөздері республикамыздың судьялар корпусымен толық қолдау тауып отыр.

Мемлекет Басшысының 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанныңтұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын жүзеге асыру аясында қабылданған нақты іс-шаралар Қазақстанның сот жүйесін өзінің жаңа даму сатысына шығуына және реформаның басты міндеті – халықтың сеніміне ие болуға әкеледі. Осындай міндетті Елбасы Н.А.Назарбаевта Ұлт Жоспарында да отандық сот жүйесі алдына қойып отыр, және бұны бізден барлық қазақстандық қоғамда күтуде.

 

 

Жолдыбай Метаев,

Қостанай облысы Жангелдин аудандық сотының төрағасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 4

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив