Батыс Қазақстан облысында Соттан тыс Татуласу Орталығы ашылды

Батыс Қазақстан облысында Соттан тыс Татуласу Орталығы ашылды

Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының Соттан тыс Татуласу Орталығының салтанатты ашылу жиыны өтті. Оның мақсаты - Батыс Қазақстан облысы аумағында қалпына келтіру сот төрелігінің қағидаттары негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және даулы, қылмыстық жағдаяттарға қатысушыларды сауықтыру.

Орталық қызметі дауларды соттан тыс шешу институттарын дәріптеу мен қоғамдағы дауласушылық деңгейін төмендетуге бағытталған. Ол «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облыстық сотының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп ашылды.

Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғани Исқалиев, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов, облыс әкімдігінің, соттарының, прокуратура органдарының, облыстық адвокаттар алқасының өкілдері, Билер кеңесінің мүшелері, қоғамдық және кәсіби медиаторлар, заңгерлер, сот орындаушылар қатысты.

Орталықтың ашылу рәсімінде салтанатты лентаны қию мәртебесі облыстық сот төрағасы Бек Аметов пен 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының үздік медиаторы деп танылған Құрман Бисеғалиевке бұйырды.

Б.Әметов Орталықтың орналасу жері азаматтарға ыңғайлы болуы үшін арнайы қала орталығынан таңдалғанын және азаматтар Орталықта туындаған даулар бойынша проблемалық мәселелерін ақысыз негізде шеше алатынын атап өтті.

Орталықтың негізгі мақсаттары – ол қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек дауларын, басқа да жанжал жағдаяттарын сотқа дейін реттеу, тараптарға заңгерлермен, прокурорлармен, сот орындаушылармен құқықтық көмек көрсету, заңгерлік кеңес беру, тұлғаларға медиатор, психолог және қала әкімдігінің әлеуметтік құрылымдарының қызметтерін ұсыну.

Соттан тыс Татуласу Орталығы барлық қажетті жиһазбен, компьютерлер мен техникамен жабдықталған. Кабинеттерде анықтамалықтар мен әдістемелік әдебиетте те бар.

 

Нұргүл Қанатбаева

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив