Татуласу рәсімдері

Татуласу рәсімдері

Сот төрелігіне жүгінетін тараптар өзара келісімге келіп, босағадан өкпе назсыз аттаса, ол судья үшін үлкен мәртебе. Жаңа АПК-ның 17 тарауы түгелдей 174-182 тараптарды бейбіт келісімге шақыруға арналуының өзі оған көп мән берілгенін аңғартады.

Заңнама татуласу рәсімдерінің төрт түрін қарастырады: Сотта татуласу келісімін жасау; Медиация немесе соттық медиация тәртібімен дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімге келу; сондай–ақ екі тараптың адвокаттарының қатысуымен дауды партисипативтік рәсімдер арқылы реттеу.

Бұған дейін тараптар арасындағы дауды бітімгершілік келісіммен бітіру тек медиаторлардың  құзырында болып келгені белгілі. Ал енді екі жақты келісімге келтірудің көкжиегі кеңейтіліп, енді бұл істі атқаруды судья-медаторларға да, адвокаттарға да жүктеліп отыр.

Татуластыру рәсімдерін жүзеге асыруда судьяның нақты міндеттері де заңнамамен нақтыланды. Дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуді азаматтық сот ісін жүргізудің бірден бір міндеті ретінде бекіте отырып, судьяға талап арызды қабылдаған күннен бастап тараптарды татуластыру үшін тиісті шараларды қолданып, істі қараудың барлық сатыларында талапты түсіндіру жүктеліп отыр.

Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу азаматтық іс жүргізудің субъектілеріне тиімді және оң тұстары жетіп артылады. Біріншіден, дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу сот шешіміне қарағанда тараптардың бітімге келуіне ықпалды, екіншіден, көп жағдайларда дау тараптардың заң нормаларын дұрыс түсінбеуінен туындап жатады, ал сол нормаларды соттың тиісті түрде түсіндіруі аталған рәсімдерді жасауға ықпал етіп, дауласушы тарапты ымыраға келтірері сөзсіз, үшіншіден татуласу рәсімдері тараптар арасындағы дауға ортақ келісіммен соңғы нүкте қоюдың алғы шарты, ал сот шешімі бір тарапты ғана қанағаттандыра алуы мүмкін, төртіншіден, бұл соттың және тараптардың уақытын, қаржысын үнемдейді. Бұл ретте айта кетерлігі татуластыру рәсімдері арқылы шешімін тапқан іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы тараптарға қайтарылады. Тағы бір тиімділігі, сотпен бекітілген қандай да бір келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, тараптар атқару парағы арқылы мәжбүрлі түрде орындату туралы мәселені көтеруге құқығы бар.

Жоғарыда атап өткендей татуластыру рәсімдері сотқа дейін де жүзеге асырылуы мүмкін. Дау бойынша қол жеткізілген ортақ шешімді тараптар медиатордың қатысуымен медиативті келісім арқылы, немесе екі тараптың адвокаттарының қатысуымен партисипативтік келісіммен рәсімдеуге толық құқылы. Ал осы келісімдердің орындалмауы туралы мәселе орын алса, бір тарап оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен сотқа талап арызбен жүгініп, келісім ауқымында тиісті талабын қоюға құқылы.

Өзара келісімге келу арқылы дауды реттеу бастапқы және апелляциялық, кассациялық сот талқылауларында судья кеңесі бөлмесіне кеткенге дейін жасалуы мүмкін. Тек екі жаққа тиімді мәміле басқа тұлғалардың мүддесі мен заң талабына қайшы келмеуі тиіс.

Әлбетте, оның тиімділігі мен артықшылығын, өзектілігі мен өміршеңдігін қарапайым халыққа түсіндіру бағытында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу қажет екендігі сөзсіз.

Бабамыз мойынсұнған бітімгершіліктің алдағы уақытта да кең қолданылып, көпшілік тарапынан қолдау табарына сенім мол.  

 

 

Ақтөбе облысы Мұғалжара ауданының

№ 2 аудандық сотының кеңсе бас маманы

Г.Джанглышбаева

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

12 пікір

  1. аватар
    Florencia 2 марта 2023 17:37

    Fastidious response in return of this query with firm arguments and explaining everything on the topic of that.


    Take a look at my web site; natural ingredientshealthy hairstrong hair#hair care routine#home remedies#hair growth#scalp care#hair repair#split ends#hair breakage#hair loss#essential oils#nourishing#moisturizing#strengthening#hair texture#shiny hair#hair health#beauty

  2. аватар
    Delores 24 августа 2023 20:46

    Hello, i think that i saw you visited my web site so i came to “return the
    favor”.I'm attempting to find things to enhance my
    web site!I suppose its ok to use some of your ideas!!


    Look at my web page ... Kris

  3. аватар
    Verna 14 сентября 2023 01:36

    Howdy very cool web site!! Guy .. Excellent
    .. Wonderful .. I'll bookmark your web site and take the
    feeds also? I'm happy to search out numerous helpful information here within the submit, we
    need work out more strategies on this regard, thanks for sharing.

    . . . . .

    Feel free to visit my site; alendronate en vente en Europe

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив