«Істерді дайындау барысында тіл принципін сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

«Істерді дайындау барысында тіл принципін сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Жаңақала аудандық сотында «Істерді дайындау барысында  тіл принципін сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті. Бұл шараға судья Мереке Шүкіров, аудан прокуроры Жумабай Ермеков, жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Макишев және полиция қызметкерлері, кәсіби емес медиатор Рая Апахаева қатысты.

Судья М.Шүкіров өз сөзінде сот ісін жүргізу тілі – сот төрелігін іске асырудың негізгі аспектілерінің бірі екенін және сот ісін жүргізу тілінің маңызы өте зор, өйткені сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асыру арқылы барлық азаматтардың сот алдында теңдігі қамтамасыз етілетінін айтты.

Сонымен қатар, спикер қылмыстық және әкімшілік істерді жүргізу кезінде тіл қағидатын қолдануды бұзу, сондай-ақ іс жүргізу құжаттарын жасау кезінде нормалардың, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін көрсетті.

"Дөңгелек үстел" барысында істер мен материалдарды дайындау кезінде мемлекеттік тілді қолдану мәселелері, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу сапасын арттыру мәселелері бойынша өзара пікір алмасып, тақырып аясында өзекті мәселелер талқыланды.

 

Н.Жакупова

БҚО Жаңақала аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив