Татуласудың тиімділігі.

Татуласудың тиімділігі.

 

Азаматтардың арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу пилоттық жобалары қазіргі таңда өзінің белейіне жетті деп айтсақ болады. Аталған жобалардың іске асуы халықтың дауларды сотта шешпей сотқа дейін реттеудің бір қадамдары болып есептеледі. Оның мақсаты халықты әуре сарсаңға салмай, сот процессінде қорғаушыларға, сот шығындарға, мемлекеттік бажға азматтардың өз қалталарынан кететін қаражаттарын шығармай сақтап қалу. Негізінен бір жағынан аталған орталықтардың пайдасы мол. Тараптар өзара келісіп, өздеріне ыңғайлы уақытта міндеттемелерінен құтылуға өздері ғана келіседі, ешкім бұлардың араларына түсіп міндеттеме қоя алмайды, өзара келісім бірінші орында тұрады. Екі жақтың арасына бітімгерлікке келтіруге күш жігер қосатын медиаторлар. Олар салмақты әрі құрметті, әрі мемлекеттік куәландырылған сертификаттары бар Билер болып табылады. Әр ауылдық округта орналасқан Билер қазіргі таңда есімдері белгілі, сыйлы қариялардан құралады. Олар дауласқан жақтарға жанжалды шешуге баламалы әдісін ұсынып аяғына дейін жеткізуге әрі аталған қызметті тегін көрсетуге мүдделі.

         Сотқа дейінгі онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыстық істерді, азаматтық даулар (қарыз ақша өндіру, неке бұзу, жер дауы т.б.) бүгінгі таңда азаймауда, бірақ аталған дауларды сотқа дейін шешуге азаматтардың толық мүмкіншілігі бар деп айта аламын.

         Билермен дауларды шешу біздің тарихымызда бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Кеңес Одағы саясаты кезінде ұмытылып кеткен нәрсе, ал қазіргі таңда біз оны жандандыруға мүдделіміз, өйткені қазіргі заманның өзі осыны талап етіп отыр.

        Егер де қарасақ, шетелдік мемлекеттерде сотқа дейінгі бітімгершілік механизмі бұрыннан қалыптасқан құрал яғни заманауи тілмен айтсақ «Медиация» деп аталады, ал медиация болса бітімгершілік деп айтсақ болады, яғни Билердің жұмысы осы «Медиация» екі жақты бітімге келтіру.

       Жуалы ауданындағы барлық ауылдық округтардың билерін қосқанда қазіргі таңда 47 би бар, барлығының сертификаттары бар, барлығы бітімге келтіруге дайын, «Медиация» заңын меңгере алады, бітімге келтіру әдістері бойынша аудандық сотта оқу семинар сабақтарына үнемі қатысуда. Аудандық соттың ғимаратында Билерге арналған Медиация кабинеті бар, аталған кабинетте дауласушы жақтар сотқа дейін өздерінің жанжалдарын Билердің қатысуымен шешуге толық мүмкіншіліктері бар.

       Бүгінгі күні азаматтық істі қарайтын соттарға түсетін арыздардың көпшілігін тұрғын үй қатынастарынан, жария шарттар негізінде, салықты және өзге де міндетті төлемдерді өндіруден туындайтын даулар құрап отыр. Осындай дауларды татуласу рәсімімен аяқтау игі іс болатынына мен сенімдімін.

 

Байжан Жамалбекұлы

Жуалы аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив