Судья қызметінің психологиялық ерекшеліктері

Судья қызметінің психологиялық ерекшеліктері

Сот қызметін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру, соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы сот билігінің өкілі ретінде судьяларға, олардың біліктілігіне, кәсіби дайындығымен қатар жеке тұлғалық қабілеттеріне де жоғары талап қояды.

Қазіргі таңда судья қызметіне іріктеу тәртібінің өзеруіне байланысты судьялыққа кандидатарға психологиялық тест өткізу жүргізілуде. Алайда үміткердің психологиялық қабілеттерін анықтау оның судья қызметіне тағайындалғанға дейінгі жай-күйінің көрсеткіші ғана болып табылады. Ал қызмет атқарып отырған судьялардың психологиялық қабілеттерінің деңгейін, психоэмоциялық жай-күйін анықтау оның кәсібилігінің анықтаушысы ретінде маңызды деп есептеймін.

Психологиялық білім алу кезінде, кейін судьялыққа тағайындалғаннан соң осы қызметпен байланысты көптеген жазбалармен, мақалалармен танысып, кәсіби психология, соның ішінде судья тұлғасының психологиялық ерекшеліктеріне көп назар аударатын болдым. Судья қызметі мен лауазымына қатысты «соттық стресті» кәсіби стресс ретінде қарастыруға болады.  Судьялықтың  «стрессорлары» ретінде жұмыстың бір сарындығы, жауапкершіліктің жоғары деңгейі, шешім қабылдарда тез  бейімделу, ұзаққа созылатын эмоциялық кернеу, күтілетін және нақты нәтиженің арақатынасының сәйкес келуі т.с.с. айтуға болады.

Стрессорлардың пайда болуына тоқталсақ, оған жұмыс сипаты әсер етеді. Қоғамда судья бейнесіне деген тұрақты көзқарас қалыптасқан. Мұның өзі судьяларға сол көзқарасқа сәйкес болып көріну үшін де эмоциялық кернеудің негізі болуы мүмкін. Сырт көзге судья салқын жүзді, бейтарап, билік иесі ретінде көрінетіні, өзгелерден өзін бөлек ұстайтыны ешкімге жаңалық емес. Арақашықтық элементі, өзгелерден бөлектену судья қызметіне жаңадан тағайындалған кезде ерекше білінеді,  бұл адамның мансапқа жетуден марқаюы емес мінез-құлқының кәсіби қажеттілікке байланысты өзгеруі деп түсіну қажет. Мұндай әлеуметтік байланыстың шектелуі екі нәрсеге байланысты: жүктеме және судья әдебінің нормаларын сақтау. Судья әдебі оның өзгелермен қарым-қатынаста сақ болуын талап етеді, сондықтан судьяларға айналадағылармен араласудың, коммуникативтік қабілеттердің «қарапайым» немесе «құрғақ» сөйлесуі тән екенін байқауға болады. Былайша айтқанда, судья тек қана қызметте ғана судья емес,  ол міндеттерді алып жүру адамдармен қарым-қатынаста да бірқатар шектеулерді жүктейді.

Қызметтік стрессор ретінде сот залындағы, тараптармен қарым қатынастағы ерекшеліктері де айта кету керек. Сот ғимаратына келген арыз беруші немесе сол арызға қарсылық келтіруші оппонент арасындағы қарама-қайшылықтың, сол конфликттің жоғары деңгейінде эмоциялық бірқалыптылықты, бейтараптылықты сақтай білу, тек заңды тұрғыдан емес адамгершілік тұрғысынан да шешім шығара білу, шығарылған шешімді түсіндіре білу арнайы қабілеттерді қажет етеді.

Ақпараттық технологиялардың дамуы да істі қарау кезінде ықпал ету тәсілі ретінде түрлі посттар, коментарийлер мен мақалалар жазу арқылы қолданылады. Бұл жағдай да судьяға әсер етіп, көңілін түсіріп, жұмысын жоққа шығаруы, сол арқылы күйзеліске ұшыратуы мүмкін.

Жоғарғы Сот төрағасы Ж.К.Асанов атап өткендей, «Сот жүйесінің негізгі үш мәселесінің үшеуі де кадрлар» десек, судьялыққа үміткерлер мен орын ауыстыру кезінде ғана психологиялық тест өткізіп қана қоймай, судьялықтың барлық кезеңінде психодиагностикалық зерттеу жүргізу, ұдайы психологиялық қызмет көрсету, арнайы психоэмоционалдық босансу бөлмелерін жабдықтау, соттарда психолог маманының қызметін қарастыру секілді шаралар қабылдау барлық сот жүйесін жақсартуға ғана емес, сол жүйенің басты тұлғасы ретінде әр судьяның өміріне, жалпы судья бейнесіне оң әсеріні тигізері сөзсіз.

 

  Ш.Шайдиева

Орал қаласының №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив