Қазақстандағы гендерлік теңдік – отбасы құндылығын көздейді

Қазақстандағы гендерлік теңдік – отбасы құндылығын көздейді

  Елімізде гендерлік саясат пен гендерлік теңдікке баса көңіл бөлініп келеді. Гендер қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді. Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеліп отырады. Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы болып табылады. Сол себептен отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы туралы айтқанда, отағасымен арадағы сыйластығын сақтап, туысқандары мен отбасының мықты тірегі, ескі мен жаңаны байланыстыру міндеті өз бойына тоғыстырып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып отырған көпке үлгі болар аналарды айта кеткеніміз де жөн болар.

  Мұғалжар аудандық соты ваталған тақырып бойынша іс-шаралар өткізіп отырады. Шараныің мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен принциптерін түсіндіру болып табылады. Оның ішінде қазіргі таңда Қазақстанның тәуелсіз ел болып жариялағаннан кейін гендерлік теңдігінің негізгі шарттарын бұзбайтыны, гендерлік теңдіктің негізгі шарттарына, яғни әйелдер мен еркектердің құқықтарының теңдігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін, әлеуметтік рөлдерді бөлудегі қалыптасқан таптаурындыққа байланысты нақты өмірде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері ерлерге қарағанда азырақ болатындығы жөнінде талқыланып отырады. Сонымен қатар Қазақстандағы гендерлік саясаттың өзгеше ерекшелігі, гендерлік жобаның бастамашысы біріншіден мемлекет болып табылатындығы, гендерлік саладағы дамудың үздік және алдын ала шаралар қолдануды талап ететіндігі, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің әлеуметтік теңдігін барлық  қоғамдық сала мен қоғамдық санаға қалыптастыруды, бір жыныстың басқа жыныстан басым болуын және гендерлік стереотипті түбімен жою жұмысын жалғастыру жөнінде де талқыланып отырады.

   Соның ішінде, сот қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, әйелдерге күш көрсету, неке бұзу және алимент өндіру істері бойынша олардың құқығын қорғау, гендерлік заңнаманың ережелерін жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелеріне де тоқталып отырады.

 

 А.Шекенова

Мұғалжар аудандық сотының бас маманы 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив