Еңбек дауларының алдын алу шаралары іс жүзінде

Еңбек дауларының алдын алу шаралары іс жүзінде

 Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотымен медиация институтын дәріптеу, даудың соттан тыс шешілуінің ауқымын кеңейту мақсатындағы іс-шаралар жалғасын табуда.«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ БҚО бойынша филиалында еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шарасы өтті. Түсіндіру жұмыстарына Орал қаласының №2 сотының судьясы Гүлмира Утепкалиева қатысып, ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып отырған «Татуластыру: сотқа дейін, сотта», сонымен қатар еңбек ұжымдарындағы қақтығыстарды қысқартуға бағытталған «Еңбек дауларын және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды алдын алу» пилоттық жобалары туралы әңгімеледі. Судья пилоттық жобаның мақсаты жеке даудың қаралуы және шешілуі соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясы тарапынан жүргізілетінін атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек дауларын шешуде тараптар арасында өзара байланыс орнатудың маңызды екендігі жөнінде ортақ тоқтамға келді. 

 

О.К.Ташимова

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив