Билер туралы

Билер туралы

Билер сотынан бастау алатын құқықтық институт – медиация болып табылады.

         Қазақтың билер соты шынайылығымен халыққа ең жақын орган болып табылған, ал қазақтың билері өзінің тазалығымен, қарапайымдылығымен, шыншылдығымен және әділдігімен халыққа ең жақын болып көрінген. Қазақтың билері әділ шешімдерімен елді аузына қаратып, дауласушы екі жақтың көңілінен шығып, ел құрметіне ие болған. Даулы мәселелерді қараған кезде, қазақ билері ашықтық принципті басшылыққа алып, екі тарапты татуластырып, бітімгершілікке келтірген. Билердің атағы, абыройы, даңқы әділ шешімдерімен арта түскен. Қазақ қоғамында әділ билердің аты жер жарып, елге тараған. Қара қылды қақ жарған билерді дауласушы тараптар іздестіріп, төрелігін сұрап келген. 

         Осы кезеңде бірінші кезекте құқықтық, азаматтық құқықбұзушылық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеп, шешу, соттардан тыс тәртіппен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тәсілдері мен тетіктерін дамыту тәжірибесін енгізуді және жүзеге асыруды қолға алған дұрыс. Мәселен, билер сотқа дейін татуласу - дауларды бейбіт келісім арқылы тиімді әрі оңай шешеді. Тараптарды сотқа дейін бітімге келтіреді, татуластырады. Ал татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі екендігін айтуға болады. Татуласу – уақыт үнемдейді, дауласушы тараптар алтын уақыттарын айтыс-тартысқа жұмсамайды, мемлекеттік баж төлемейді,

         2018 жылдың желтоқсан айында Мұғалжар ауданында сотқа дейінгі татуласу орталығы мен билер кеңесі ашылды. Татуласу орталығында медиаторлар, психологтар, нотариустар және басқа да мамандар жұмыс істейді. Билер кеңесін ауданның құрметті тұрғыны, еңбек ардагері, қосымша заң білімі бар ауданның бұрынғы бас дәрігері Аманжол Адаев басқарады. Орталықтың азаматтарға қолайлы болу үшін әкімдікке қарасты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері және басқа да жиі келетін мекемелер орналасқан ғимаратқа орналастырылған.

         Мұғалжар аудандық соты медиация институтын және Билер кеңесінің қызметін дамыту мәселелерін талқылау бойынша өңірлік кеңес өткізіп тұрады. Іс-шараға мемлекеттік мекемелер өкілдері, аудандық билер кеңесінің төрағасы, ауыл ақсақалдары, сот қызметкерлері қатысып отырады. Өңірлік кеңесте Мұғалжар аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев сотта және сотқа дейінгі татуласу институтының қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріп, қазақ билер сотының тарихын, бүгінгі таңдағы татуластыру рәсімдерінің шығу тарихын айта отыра, мемлекет және құқықтық құрылуындағы билер сотының рөлін атады. Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың жобалары туралы, оның ішінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы туралы айтып, дауларды шешудің тәсілдерін және медиация мен Билер кеңесі қызметінің дамуының маңыздылығына да тоқталды. Аудан бойынша татуласумен қаралған даулардың үлгісін және статистикалық мәліметтерді келтіріп, билер кеңесі жөніндегі Ережені де талқылады.

         Билер кеңесінің мүшелері өзінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолымен күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жанжалдарды, оның ішінде отбасы дауларын шешуге де көмектесіп отырады. Даулардың түпкілікті шешілуі жанжалдасқан тараптардың бір-біріне деген жағымсыз сезімдері мен реніштерінің қалмауы билер кеңестері жұмыстарының бірегейлігін айқындауда.

         Мәселен, 2019 жылдың мамыр айында татуластыру орталығының жанындағы Билер кеңесі бір отбасыны ажырасудан сақтап қалды. Аудандағы ерлі-зайыптылар отбасында жанжалдар орын алғандықтан ауыз біршіліктің жоқтығын айтып, Билер кеңесінің көмегіне жүгініп келген. Психологтың көмегімен өткізілген әңгімелесулердің нәтижесінде дауласқан ерлі-зайыптылар өзара келісімге келіп, осылайша Билер кеңесі сотқа жүгінудің алдын алып қана қоймай, отбасыны сақтап қалуға ықпал етті.

 

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының бас маманы Анар Шекенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив