Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның құқықтық негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылатыны мәлім. Аталған Заң құқық бұзушылықтың негізгі ұғымдарын, субьектілері мен түрлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қағидаттарын, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі шараларды айқындайды. Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу, оларды анықтау мен жолын кесу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, әдістерін және құралдарын оңтайландыру, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау сияқты Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру-бағдарламасының міндеттері болып табылады.

Осындай шаралардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттау,құқықтық жалпылама оқуды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары, Қазақстан Республикасы заңдарын қатаң сақтау және құқықтық тәртіпті көтеру бойынша Мұғалжар аудандық сотында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Елбасымыз алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Мұғалжар аудандық сотының сот қызметкерлері арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр. Сонымен қатар тұрғындардың толғандырып жүрген сауалдарын тыңдап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықтың сот саласына деген пікірін оңтайландыру, мақсатында ай сайын «Ашық есік» күні, өткізіліп тұрады. Ол сотта жариялылық қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

       Қорытып айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдау керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді болу қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.

 

Баимбетов Б.

Ақтөбе облысы

Мұғалжар аудандық сотының

аға сот приставы                                                 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив