Жуалы ауданының Билер Кеңесінің мүшелеріне   медиация курсы бойынша сертификаттары тапсырылды.

Жуалы ауданының Билер Кеңесінің мүшелеріне медиация курсы бойынша сертификаттары тапсырылды.

 

Жуалы аудандық сотында Билер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бастамасымен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында «Медиация және Билер кеңесінің қоғамдағы орны» айдарымен өтетін алқалы жиын өткізілді. 

       Аталған іс шараға Жамбыл облыстық сотының судьясы Д.А.Азреткулов, Жамбыл облыстық Билер кеңесінің мүшесі С.Досымбеков, судьялар А.А.Замбаев, Б.Жамалбекұлы, Жуалы ауданының ауылдық округтарының билер кеңесінің мүшелері, және БАҚ қызметкерлері қауымдастығының төрайымы Ж.А.Мамашева қатысты.

        Іс шараны аша отырып Жамбыл облыстық сотының судьясы Д.А.Азреткулов билер кеңесінің мүшелерімен дауларды сотқа дейінгі реттеу кезінде қалай бітімгершілікті жүргізу керек, қандай жеңілдіктерге жол беру қажет, екі жақтың құқықтарын сақтау мақсатында қалай дұрыс сөйлеу керек, сотқа дейінгі дауларды шешу кезінде қандай Меморандумдарға сілтеме жасау қажеттігі туралы семинар тренинг өткізді.

       Әрі қарай өзінің сөзінде Жамбыл облыстық Билер кеңесінің мүшесі С.Досымбеков аудандық Билер кеңесінің мүшелеріне оң баға беріп, оларға сертификатты алған кезде ауылдық округтардағы әкімшілікке тіркеу қажеттігін және сотқа дейінгі шешілген даулар бойынша ақпаратты сотқа үнемі беріп отыруды ұсынды.

        Өз кезегінде, судья Б.Жамалбекұлы медиаторлардың құқықтары мен міндеттері және бітімгершілікке келудің әдістері көрсетілген «Медиация» Заңы бойынша түсіндірме жүргізіп баяндама жасады.

        Сонымен қатар, Билер кеңесі мүшелерімен қойылған құқыққорғау органдарымен сотқа дейінгі арадағы қарым қатынас туралы сұрақтарына лайықты жауаптар қайтарылды.

        Іс шараның соңында Билер кеңесінің мүшелеріне салтанатты түрде «Медиация мен Билер кеңесінің үлесі» атты курсты сәтті аяқтағаны жөнінде куәландырылуы және қоғамдық медиатор қызметін атқаруға құқық берілгендігі туралы сертификаттары тапсырылды.

 

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив