Бөрлі аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

Бөрлі аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық соты халыққа қызмет көрсетудің қазіргі заманауи стандарттары ескерілген «OpenSpace» азаматтарға тосқауылсыз қызмет көрсету қағидатына толық көшті. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы  Нұрлан Қажғанов «Үлгілі сот» бағдарламасы аясында іске қосылған жаңа фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.

Іс-шараға сот төрағасы Гамал Кулмуханов пен судьялар, заңгерлер мен медиаторлар қатысты.

          Бұл аймақтағы азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету қағидасы бойынша жұмыс жасайтын ақпараттық орталық пен заңгерлік қызметті қамтитын төртінші фронт-кеңсе. Ол халықтың нақты сұраныстарына назар аудара отырып, сот төрелігінің тиімділігін арттыру үшін барлық ұйымдастыру мәселелерін пысықтайды.

Мұнда халықтың нақты сұраныстарының бағыты бойынша сот төрелігінің тиімділігін арттыру бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелер игерілуде.

Фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Сонымен қатар, меморандум шегінде қызмет көрсететін медиатор мен қорғаушы кабинеттері бар.

Кеңсенің көп бөлігін ашық кеңістік құрайды, оның іші «кедергісіз қағидат» бойынша көзге жайлы көгілдір-ақ түстегі хай-тек стилінде безендірілді. Осылайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін, сонымен бірге келушілерге іс жүзінде ыңғайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

  

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив