Соттар «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыруда

Соттар «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыруда

Қазіргі уақытта республикамыздың соттарында көптеген қажетті, пайдалы жобалар іске асырылуда, сол жобалардың біреуі «Smart Сoт» жобасына тоқталсақ, ол скайп-камералар және бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн түрде қосылу мүмкіндіктері қарастырылған, азаматтар сот отырысына қатысу үшін «True Conf» мобильдік қосымшасын смартфонына жүктеуі қажет.

«Smart Сoт» жобасы азаматтарға «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы әлемнің кез келген нүктесінен сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді.

Сот отырысына онлайн режимінде қатысу үшін, iOS платформасы қолданушылары үшін «Appstore» бағдарламасынан немесе  Android платформасы қолданушылары үшін «Playmarket» бағдарламасынан «TrueСonf» қосымшасын жүктеп алу жетеді. Сот отырысының хатшысы логин және парольмен қамтамасыз еткен соң, қатысушы бағдарламаға кіріп, мобильді бейнеконференцбайланыс жазылуына сұранысты қабылдау арқылы жүзеге асырады.

Істерді қараған кезде бейнеконференцбайланысты қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: жоба тараптарға сотқа келу үшін кететін уақытын, қаржысын жұмсамай-ақ сот процесіне толыққанды қатысып шығуға мүмкіндік береді.

Осылайша, сот процесіне қатысушыларына қай жерде тұрғанына, қаржылық жағдайына қарамастан, сот отырысы барысын тыңдауға және көруге, сұрақ қоюға және жауап алуға, процестік құқықтары мен міндеттерін іске асыруға әрі орындауға техникалық мүмкіндік қамтамасыз етілді.

«Smart Сoт» жобасы аясындағы іс-шаралар сот төрелігіне кедергісіз әрі қолайлы қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны енгізу соттағы істердің уақытылы басталуына және тараптардың толыққанды қатысуымен қарауға мүмкіндік беріп, аталған жоба оң нәтежиесін көрсетті.

 

 

           А.Биманова

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының кеңсе меңгерушісі м.а. 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив