Орал қаласы әкімдігінде Билер кеңесі мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті

Орал қаласы әкімдігінде Билер кеңесі мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті

Орал қаласы әкімдігінде Билер кеңесі мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.

Жиынға облыстық соттың төрағасы Б.Әметов, азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қ.Адранов, билер кеңесі бойынша үйлестіруші судья Е.Боранбаев, мамандандырылған ауданаралық соттар төрағалары, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің құрылымдық бөлім басшылары мен кент әкімдері және әкімдік жанындағы округтерден сайланған билері қатысты.

Жиында сотқа дейінгі татуласу мәселесін жетілдіру, «Билер кеңесі»  ережесін түсіндіру және әрі қарай жұмыстану бағыттары, билер кеңесінің еңгізілу  мақсаттары  туралы мәселелер талқыланды.

Шара барысында қатысушылар билер кеңесінің маңызы, атқаратын міндеттері баяндалған бейнероликті тамашалады.

Облыстық сот төрағасы Б.Әметов өз сөзінде билер кеңесі туралы ереженің бекітілуі билер кеңесінің өкілеттігін реттеп, мәртебе беретіндігін және сондай–ақ, ереже бекітіліп қана қоймай атқарылатын жұмыстардың нәтиженің де болуы қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, даулардың басым көпшілігі қалада қаралатындықтан билер кеңесінің  жұмысы тек ауылдық, аудандық деңгейде ғана емес, қала көлемінде де жүргізілуі керектігін айтып, жергілікті атқарушы органдардың оған атсалысуларын сұрады.

Шара соңында Зашаған, Круглоозерный және Желаев ауылдық округтерінен сайланған билер құрамы таныстырылды.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив