«Билер Одағының» семинары өтті

«Билер Одағының» семинары өтті

Облыстық сотта «БҚО Билер Одағы» ҚҰ мүшелерімен өткен семинарға облыстық сот пен Орал қаласының №2 сотының судьялары, Билер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шара мақсаты «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы шеңберінде құрылған  «БҚО Билер Одағы» ҚҰ-ның жұмысын ұйымдастыру.

Семинар модераторы облыстық сот судьясы Ғизатолла Қырықбаевтың кіріспе сөзінен соң баяндамашылар семинар бағдарламасына сәйкес баяндамаларын жасады. Облыстық сот судьясы Есенбай Боранбаев Билер кеңесінің ережесімен, ережеге сәйкес атқарылуы қажет шаралармен таныстырды.

Орал қаласының №2 сотының судьясы Шынар Шайдиева бітімгершілік рәсімдерін қолдану туралы баяндады. Бітімгершілік рәсімдерін одан әрі дамыту мақсатында Орал қаласының №2 сотында тараптарға кездесудің құпиялығын сақтап татуластырушы-судьяға жүгінуге мүмкіндік беретін татуласу кабинеті ашылғанын, жыл басынан бастап осы күнге дейін Орал қаласының №2 соты және БҚО МАЭС-мен 37 тараптар бітімгершілікке келіп, 250 азаматтық істер медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті. 

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында дауларды соттан тыс реттеу тәсілдерін жетілдіру мақсатында Батыс Қазақстан облыс соттарымен 9941 азаматтық істер қаралып 808 татуластыру рәсімдерімен аяқталған. Оның ішінде 89 іс бойынша тараптар бітімгершілікке келсе, медиация тәртібімен 712 қаралып, 7 іс партисипативтік рәсім тәртібімен шешілген. 

Семинар қорытындысында қатысушылар «БҚО Билер Одағы» ҚҮ-ның жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, жоспарланған шараларды нақтылады.

 

Нұргүл Қанатбаева

БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив