«Билердің сотқа дейінгі қарап жатқан даулары»

«Билердің сотқа дейінгі қарап жатқан даулары»

Медиация - билер сотынан бастау алатын құқықтық институт.

Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүние жүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.

Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдениеті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өлшеусіз еңбекті барлық қырынан танып білу қажет.  

 Қазақтыӊ билері әділ шешімдерімен елді аузына қаратып, дауласқан екі тараптыӊ да көӊілінен шығатын жүйелі билігімен ел құрметіне бөленгендігін айту қажет.

Билер даулы мәселелерді қарау кезінде барынша ашықтық принципті басшылыққа алып, тараптардыӊ мүмкіндігі нешектеу қоймай, екі жақты бітістіруге күш салған.

Қазақ қоғамында билердің даңқы әділ ісімен, тапқыр шешімдерімен ғана артқан. Қара қылды қақ жарған билердің атақ-абыройы бүкіл елге тарап, мыңдаған шақырымдардан даушылар іздеп келіп, төрелігін сұраған. Сол себепті, билер соты кәсіби тұрғыдан әбден шыңдалған, тәуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді. «Тура биде туған жоқ» деген ұғым да осыдан қалса керек.

Қазіргі таңда бірінші кезекте құқықтық, азаматтық құқықбұзушылық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеп, шешу, соттардан тыс тәртіппен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тәсілдері мен тетіктерін дамыту тәжірибесін енгізуді және жүзеге асыруды қолға алған дұрыс. Сот жүктемесінің мейлінше жеңілдетуі мен дауласушы тараптардың өсім салмағын төмендетуі үшін «Медиация туралы» заңның соттан тыс тәртіппен жүргізіліп, шешілу тәжірибесінің оң тәсілдері мен тетіктерін қалыптастыру институтын дамыту қажет.

Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасында болып жатқан жер, қарыз ақша өндіру, балағат сөз сөйлеу, келтірілген материалдық шығынды өндіру және  т.б. азаматтық даулар немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қақтығыстарды сотқа дейін Билердің көмегімен шешуге болатынын білу қажет. Билердің ең бірінші мақсаты ренжіскендерді татуластыру, кетіскенді бітістіру, дауласушы жақтарды табыстыру, мейірім мен сыйластық, татулық пен берекені сақтау және нығайту.

Билер сотқа дейін татуласу – даукестіктің деңгейін төмендете отырып, дауларды бейбіт келісім арқылы тиімді шешуді қолға алады. Араздасқан азаматтарды сотқа дейін бітімге келтіреді, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіріп жүйелі сөзге тоқтатады. Келісу мәдениетінің маңызын арттырады.

Татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі.

Татуласуда уақыт жоғалмайды, ақша үнемделеді, қатынас үзілмейді, жүйке мен абырой-бедел сақталады. Денсаулығы мен алтын уақыттарын айтыс-тартысқа жұмсамайды.

Егер де бітімгершілік болмаған жағдайда:

  1. Сотта істің қаралуы созылып кетуі мүмкін.
  2. Іске нүкте қойылғанға дейін бірнеше сот отырысы өтеді.
  3. Қайта-қайта жұмыстан сұранып, кәсіпті тоқтатып, жеке тірлікті ысырып қоюға тура келеді.
  4. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз, жол шығыны болады.
  5. Осыншама кезеңдерден өтесіз де дау сіздің пайдаңызға шешілетініне еш кепілдік жоқ.
  6. Екінші тарап-туысыңыз, досыңыз, қызметтесіңіз болса, екі арадағы қатынасқа, сыйластыққа, әріптестікке нұқсан келеді.
  7. Сол себептен кешегі туыстар бүгінгі жау, кешегі достар бүгінгі қасқа айналуы әбден мүмкін.

 

Бүгінгі таңда мемелекет халыққа өте ыңғайлы және пайдалы жолын таңдауды ұсынып отыр, ол бітімгершілік.

Бітімгершілікке келу үшін барлық жағдай жасалған, біріншіден дауласқандар жақтар Билерге жолығады, Билер болса екі тарапқа дауды сотсыз шешудің оңтайлы жолын тауып береді. Мысалы біреудің мүлкін ұрласа, немесе біреудің денсаулығына зиян келтірсе, егер ол қылмыстық істер онша ауыр емес, орташа ауырлыққа жататын болса, онда аталған қылмыстық істі сотқа дейін АІІБ-де Билердің қатысуымен шешуге толық мүмкіншілік бар екенін аудан тұрғындары білу қажет.

28 шілде 2016 жылы Жамбыл облыстық сотының, Жамбыл облысының Ішкі Істер Департаментінің, Жамбыл облысының прокуроры және БАҚ қызметкерлері ассоциациясының жанындағы Бітімгер «Құқық және медиация орталығы» бірлесіп бітімгершілік процедурасының дамуы саласы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумы аудандық прокуратура мен ІІБ-не жолданған. Аталған Меморандумға сай құқыққорғау органдары онша ауыр емес, орташа ауырлыққа жататын қылмыстық істерді Билердің қатысуымен сотқа дейін қысқартуға әрекет етуі міндетті.

Билер аудандық сотта ашылған медиация кабинетінде азаматтарды қабылдауды жүргізіп, даулар мен қақтығыстарды сотқа дейін және сотта қысқартуға көп жұмыс жасауда.

Аудандық ардагерлер кеңесінің шешімімен 21.11.2018 жылы Жуалы ауданында билер кеңесі құрылып, «Билер кеңесінің» мүшелері болып Тоқбергенов Сағындық, Рахметов Мұратқали, Дүрәліұлы Аманжол, Майбалаева Алия Шоқайқызы, Медетбек Сейтқазы Әбдірұлы Б.Момышұлы ауылына билер кеңесінің мүшесіне кірді.

Қазіргі таңда Б.Момышұлы ауылында билер алқасының 5 мүшесі бар және 14 ауылдық округтардан 3 би алқасынан сайланды, барлығы аудан бойынша 47 билер алқасы бар.

01.01.2019-14.06.2019 жылдар аралығында аудан медиаторларымен сотқа дейін 13 азаматтық дау шешілген.

Жуалы ауданының әкімшілігінде бастамашыл топпен «Билер Кеңесін» құру бойынша отырыс өткізілді. Аталған отырысқа соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Е.С.Жанабаев, ардагерлер кеңесінің мүшелері К.Дауренов, С.Токбергенов, Р.Сатаев, А.Сейдалиев, Е.Абсалямов, аудан медиаторлары А.Дүрәліұлы, С.Тоқбергенов, У.Рахметов, М.Рахметов,  М.Нұрпеисов, К.Дауренов, А.Катымханов, ауыл ақсақалдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған жиынның басты мақсаты аудан тұрғындары арасында даулар мен қақтығыстарды сотқа дейін қысқарту болып отыр, оған АІІБ-нің тергеушілері үлкен үлес қосуға мүдделі.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Билерге бітімгершілік арқылы шешіліп жатқан даулар бойынша нақты нәтижелердің қорытындысы туралы мәліметтерді үнемі беріп отыруды түсіндірді. Ауылдарда болып жатқан жанжалдар мен дауларды бірінші анықтайтын жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен тығыз қарым қатынас орнату ұсыныстары берілді.

Халыққа мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік беріліп жатыр, бітімгершілік бүгінгі күнде дауларды, қақтығыстарды сотқа дейін шешудегі өте дұрыс жолдың бірі екенін тұрғындар білу керек.

Азаматтардың сотқа дейін бітімгершілікке келуіне аудандық сот, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі қолдау жасайды әрі мүдделі.

Ел мүддесі мен бірлігі үшін атқарған бұл қызметтің ауқымы кең, мәні зор болған. Сонымен бірге, ел ішіндегі бүкіл қоғамдық қарым-қатынастағы құқықтық нормаларға, ұлттық мінез-құлыққа тән әдет-ғұрыптар мен салт-санаға қылау түсірмей сақтау, жетілдіру, қазіргі тілмен айтқанда құқықтық тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, заң ретінде жүзеге асыру сынды ұлттық идеология мен патриоттыққа баулу да билерге жүктелген.

 

Жуалы аудандық сотының

бас маманы

сот отырысының хатшысы

Бақтияр Мамыр.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив