Медиация арқылы татуласуға байланысты жауапкершіліктен босату

Медиация арқылы татуласуға байланысты жауапкершіліктен босату

Сот саласының қызметін дамытуға бағытталған «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасында негізгі бағыттардың бірі ретінде «Сотсыз татуласу орталығы» жетілдіру жолдары көрсетілген. Оның мақсаты қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін орталықтарды құру болып табылады. Процеске қатысушы тараптардың, қылмыстық іс бойынша сотталушы мен жәбірленушің, азаматтық іс бойынша талап қоюушы мен жауапкердің, әкімшілік істер бойынша құқық бұзушы мен жәбірленушінің, сонымен қатар, заңды өкілдер мен қорғаушылардың араларындағы дау – жанжалды оларды татуластыру арқылы шешу – осы бағыттың негізгі мақсаты.

Қазіргі таңда осы аталған жобаны жетілдіру мақсатында еліміздегі сот ғимараттарында арнайы татуласу орталықтары ашылып жатыр. Онда азаматтарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар мен психологтар бірігіп көмек көрсетуде. Мұның бәрі ел азаматтарының игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар деп айтуға болады.

Мәселен, ауданымызда сотқа дейінгі татуласу орталығы мен билер кеңесінің ашылып, татуласу орталығында медиаторлардың жұмыстарын жалғастыруы. Орталық медиаторлары жанжалдарды шешу үшін дауласушыларға оңтайлы шешім табуға бағытталған.

«Ел даусыз болмас» - дегендей, ауданымыздағы сотқа дейінгі татуласу орталығының медиаторлары көптеген азаматтық істер бойынша дауларды сотқа жеткізбей шешіп жатыр. Азаматтарды сотқа дейін медиация арқылы татуластырып, дауды сотқа жеткізбей жатқандығы. Мәселен, 2018 жылы азаматтық істер бойынша 80 дау кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың көмегімен шешілуі. Ал 2019 жылдың осы уақытында сотқа дейін 18 азаматтық дау шешілді.

Сол үшін медиация – татулық пен тұтастықтың кепілі, татуласу – дауды шешудің ең тиімді әдісі екендігін айтқым келеді.

        

Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Шекенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив