«Бейнеконференцбайланыс – заман талабы»

«Бейнеконференцбайланыс – заман талабы»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20 қадамында барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу туралы басым айтқан болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының барлық соттарында ақпараттық технологияларды қолдану, пилоттық жобаларды іске асыру тиімділігі артып келеді. Олардың ішінде «SMART сот» пилоттық жобасы Қазақстандағы сот жүйесін дамыту бойынша 7 басым бағыттарының бірі ретінде іске қосылды. Бұл жоба дауласушы тараптарға сот процесіне бейнебайланыс арқылы тікелей қосылуға және сотқа тиісті түсініктеме беруге мүмкіндік береді. «SMART сот» пилоттық жобасы азаматтарға «TrueСonf» қосымшасымен әлемнің кез-келген бұрышынан сот отырысына қатысуға мүмкіндік алады. Бұл үшін қосымшаны смартфонға жүктеу жеткілікті. Сот отырысының хатшысы логин және құпия сөз бергеннен кейін, сотқа қатысушы бағдарламаға кіріп, ұялы бейне-конференцбайланыс жазбасын  растауға сұранысты қабылдайды.

Мұғалжар аудандық соты дыбыс - бейне құрылғыларымен толығымен жабдықталған. Сол себептен сотта қаралатын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот отырыстары дыбыс-бейне құрылғысын қолдану арқылы өтуде. Сот залындағы дыбыс-бейне құрылғысы арқылы республиканың басқа өңірлерінде тұратын, сонымен қатар басқа елдегі сотқа қатысушы тараптан жауап алу мүмкіндігі бар. Мәселен, жақында Мұғалжар аудандық сотында өткізілген сот отырысының біріне, Ресей Федерациясы, Владивосток облысы, Череповец қаласынан қатысушы тарап тікелей байланысқа шығып, сот отырысына қатысты. Демек, Виртуалды  бейнеконференцбайланысы арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, тараптардың дәлелдерін есту мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, неке бұзу туралы да азаматтық іс қаралып, сотқа қатысушы сот отырысында жұмыс бабымен Атырау облысы Теңгіз ауылында болғандықтан, өз пікірін бейнеконференцбайланыс арқылы жеке қатысусыз білдірді.

Демек, істерді қараған кезде бейнеконференцбайланысты қолданудың бірқатар артықшылықтары, олар жоба тараптарға сотқа келу үшін кететін уақытын үнемдейді және қаржысын жұмсамай-ақ сот процесіне толыққанды қатысуға мүмкіндік алады.  

 

Мұғалжар аудандық сотының сот отырысының хатшысы Г.Суюнова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив