Орал қаласының №2 сотында сотта өкілдік ету мәселелері  бойынша семинар өтті

Орал қаласының №2 сотында сотта өкілдік ету мәселелері бойынша семинар өтті

 

Іс-шара Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары,  Батыс Қазақстан облысы бойынша заң кеңесшілері палатасының және Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Сәлемдесу сөзін сот төрағасы Азамат Борамбаев алды.

Семинардың мақсаты - өкілдердің қатысуымен сот өндірісі туралы процессуалдық заңнаманың, бітімгершілік рәсімдері мен сот төрелігіне қолжетімділік мәселелерін практика жүзінде талқылау.

Судьялар Хатима Ерсенова мен Әлібек Нұрғалиев тапсырма бойынша өкілдік ету және өкілеттігін рәсімдеу туралы, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізудегі мәселелер бойынша баяндады.

Палатаның негізгі бағыттары мен оның мүшелеріне қойылатын талаптар туралы  заң кеңесшілері палатасының басшысы Ринат Телеупов мәлімдеді.

Қатысушылардың назарын заң көмегін жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін бақылау мәселелеріне Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілі Ринат Кабаков  аударып өтті.

Іс-шара барысында жан-жақты пікір алмасылды және алаңдаушылық тудыратын ең өзекті мәселелер талқыланды.

Нәтижесінде ведомстволардың өкілдері  іс-шараның ұйымдастырушыларына өздерінің көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

 

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив