Электрондық қылмыстық іс жүргізу – заман талабы

Электрондық қылмыстық іс жүргізу – заман талабы

Қылмыстық істер әрдайым қағаз жүзінде қалыптасып келеді. Әртүрлі тергеу әрекеттері, тергеушінің, прокурордың және соттың шешімдерімен  өзге де процессуалды құжаттары қағаз түрінде шығарылып бекітіледі. Қылмыстық істің күрделігі мен көп эпизодтылығы, сот сараптамасының көптігі, сотталушылардың, жәбірленушілердің және куәгерлердің санына байланысты процессуалдық құжаттардың көлемі ұлғаяды, бұл өз кезегінде  көлемді томдардың пайда болуына ықпал етеді, кейбір істердің саны 1000 томға дейін жетуі мүмкін.

Бүгінгі таңда, сотқа дейінгі және сот өндірісіндегі тергеп-тексеру аса ауырланған, бұған көптеген қаржы, адам және уақыт ресуртары шығындалады.

Сондай-ақ, процес қатысушылардың қылмыстық істің процессуалдық материалдарына уақытылы қолжетімділік мүмкіндігі пайда болды, аталған жағдай халықтың сотпен және құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынастарды оңтайландыра түсті.  

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қылмыстық сот өндірісінің электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшуі анықталған.

 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Бас прокуратура «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйенің негізінде «Төрелік» сот ақпараттық жүйесімен үйлестірілген «Электрондық қылмыстық іс» модулін әзірледі.

Бұл қылмыстық сот өндірісінің барлық кезеңдерін, яғни құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот үкімінің шығарылуына дейін цифрландыруға мүмкіндік берді.

Қылмыстық сот ісін электронды жүргізуге ақпараттық технологиялардың енгізілуі оның ашықтығының жоғарылауына, тергеу әрекеттерін санкциялауға қажетті құжаттарды ұсыну мен нәтижелерін алу уақытын айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ қылмыстық процесс сапасын жақсартуға және жеңілдетуге, қағаз жүзіндегі құжат айналымға кететін шығынды оңтайландыруға алып келеді.

Атап айтқанда, электрондық қылмыстық істің басқа артықшылығы қашықтықтан санкциялау болып саналады. Енді тергеп қамаққа алынғанды оған бұлтартпау шарасын тағайындау үшін біршама ара-қашықтыққа апарудың қажеті жоқ. Санкциялау үрдісі бейне-конференц байланыс режимінде өтетін болады, тиісінше күдіктілерді үлкен ара-қашықтыққа апарудың қажеттілігі жоғалуда. Бұл уақыт шығындарын қысқартуға, қашу тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жанармайға кететін шығынды, жүргізушінің жалақысын және автокөліктің тозуын қысқарту жолымен бюджеттік қаражат үнемделеді.

Сот өндірісінде де «Электронды қылмыстық іс» жүйесінің жағымды жақтары зор, ол дегеніміз қағазбастылықтан құтылуға, бюджет қаражатын  және судьялардың, сот қызметкерлерінің және процесс қатысушыларының уақытын үнемдеумен қатар, істің тергелу мерзімін қысқартуға және процессуалдық  қатынастарды болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға зор үлесін қосады.

Ақпараттық технологиялардың және оның негізіндегі ақпараттандырудың жаһандық процесі, қазіргі әлемді өзгертеді және адамзат қоғамының постиндустриялық дамуынан ақпараттық кезеңге көшірудің бастамасы болып табылады.

 

Г. Молдабекова Әскери соттың әкімшісінің

Құжаттамалық қамтамасыз етубасқармасының бас маманы –сот отырысының хатшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив