Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

 

Жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелеріне байланысты соттар миллиондаған шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері қажеттілікке байланысты, оның ішінде біздің елден тыс жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да болмасын сот актісі ресми құжат статусын иелену мақсатында, яғни оның шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастыру, яғни апостиль қажет.

Кез келген жағдайға қарамастан, құжатты шетелге ұсынар алдында оны заңдастыру қажет, яғни апостильдеу немесе оны консулдық заңдастыру.

Демек, апостиль дегеніміз не?

Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.

Апостильденген құжат кез-келген басқа аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және апостильденген құжаттарды Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің ресми органдары мойындайды.

Сондай-ақ, сот шешімдерін орындау үшін және сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, сондай-ақ ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.

Белгілі болғандай, әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылып, құжаттарды апостиль қою арқылы жеңілдетілген түрде заңдастыруға мүмкіндік берді.

Айта кететіні, 2013 жылы 15 сәуірде мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңы қабылданды. 2015 жылдың 30 сәуірінде «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» Стандарты бекітілді.

Сол уақыттан бері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен осы қызмет түрі атқарылып келді. Апостиль құжаттарда қою үшін еліміздің кез-келген өңірлерінен тікелей сотқа жүгініп немесе сол өңірдің халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 20 күнтізбелік күні ішінде нәтижесін алатын.

Мысалы, ажырасу туралы сот шешімін шетелде некеге тұру мәртебесін растау ретінде ұсынады.

2017 жылдың 31 ақпанында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін мейілінше оңтайландыру, яғни, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, құжат алмасудың электрондық форматқа көшуін қарастырған.

Жолдауды іске асыру аясында, 2017 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №637 қаулысымен 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізіліп, сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызметке арыз қабылдау және қарау нәтижесін беру өкілеттілігі жергілікті жерлердегі соттарға берілді. 2018 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Астана қаласы бойынша соттар әкімшісі» РММ халыққа аталған қызметті көрсетуде.

Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің Соттар әкімшісіне тікелей барып, немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгінуге болады.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, Астана қаласының соттар әкімшісіне ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Ресей, Германия, Түркия, Италия, Испания, Израиль, елдеріне ұсыну үшін сот шешімдеріне апостиль қою үшін 34 арызданушы жүгінген.

Бүгінде, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы құжатқа апостиль қою мерзімі 20 күнтізбелік күннен, 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.

Апостиль қойылатын құжат үшін бір айлық есептік көрсеткіштің 50 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Яғни, 1262 теңге 50 тиын.

Апостиль қою үшін арызда қандай ақпарат көзделу қажеттілігі және ұсынылатын құжаттар тізімі Астана қалалық сотының ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер) бөлігінде орналасқан. (http://astana.sud.kz/rus/content/utverzhdennyy-standart-i-reglament-gosudarstvennoy-uslugi).

Арызды қабылдау «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша қабылдау «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды кезек брондалуы мүмкін.

Алайда аталмыш қызметтер көрсетуден мынадай негіздермен бас тартылады: ұсынған құжаттардың немесе олардағы мәліметтердің анық еместігі, мемлекеттік баж салығының дұрыс төленбегені. Бұндай жағдайда кемшіліктерді жойған кезде екінші рет жүгінуге құқылы екенін түсіндіру хаттарымен кері қайтарылады.

Апостиль қою үшін ұсынылған соттың ресми құжаттарына қол қоюға және мөртаңба басуға сот шешімін шығарған судья, ал егерде судья болмаған жағдайда соттың төрағасы уәкілетті.

 

Ергеш Г.Қ.

«Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісі» РММ

Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив