«Медиация – дауды шешудің ең жақсы тәсілі» тақырыбына мақала

«Медиация – дауды шешудің ең жақсы тәсілі» тақырыбына мақала

Туындаған дауды шешудің ең жақсы тәсілі – даудан жалтару екені белгілі.

Мемлекетіміз азаматтардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, дауды шешудің баламалы тәсілдерін заңнамалық деңгейде бекітті, соның бірі медиация болып табылады. Осылайша, 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және 2011 жылы 5 тамызда қолданысқа енгізілді.

Медиация дегеніміз не?

Медиация (латынша medius, бірнеше мағынаға ие: арада, ортада тұру, әділ, бейтарап, арада жүру, делдалдық ету) – тараптар өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың (медиаторлардың) көмегімен тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімі. Медиатор (латынша mediator) – делдал.

Дауды шешу үшін делдалдарға жүгіну «соңғы уақытта ойлап табылған құбылыс емес, мұның тарихи және мәдени түп-тамыры тереңде жатыр». Зерттеушілердің болжауынша, дауды мұндай тәсілмен реттеу мемлекеттік сот төрелігіне әкелді және қоғаммен бірге пайда болды, онда әлеуметтік жанжалдарды қоғамның беделдірек мүшелері шешіп отырған[1].

Медиация заманауи бағытта XX ғасырдың екінші жартысында дами бастады, ең алдымен англо-саксондық құқық орнаған елдерде – АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, содан соң Еуропаға да тарады. Алғашқыда медиация отбасылық қарым-қатынас саласында дауларды шешуде қолданыла бастады. Кейіннен медиация жергілікті қоғамдастықтардағы даулардан бастап коммерциялық және көпшілік саласындағы күрделі әрі көп тарапты жанжалдарды қоса алғанда кең ауқымды дау-жандалдарды шешуде өзін танытты[2].

Қазақ даласында болған билер институты да татуласу рәсімдерін өткізудің айқын мысалы болып табылады, себебі ең басты мақсат дауласқан тараптарды татуластыру және залалдың орнын толтыру болды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.К.Асановтың 2018 жылғы 14 мамырдағы өкімінің негізінде Астана қаласының Алматы аудандық сотында талап қою ісін жүргізу азаматтық істерді қарау барысында «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасы (бұдан әрі-Пилоттық жоба) іске асырылуда.

 

Пилоттық жоба процестік әрекеттердің Алгоритмі бойынша жүргізілуде, оған сәйкес талап арызды қабылдауға негіздер болған жағдайда судья бес жұмыс күні өткенге дейін, яғни талап қоюды соттың іс жүргізуіне қабылдағанға және азаматтық істі қозғағанға дейін тараптарды татуласу рәсіміне қатысуға шақырады. Татуласу рәсіміне қатысуға келіскен және шақырту бойынша келген тараптар өз бетімен татуласу рәсімінің түрін таңдайды және бұл жөнінде өтінішхатта көрсетеді.

Өтінішхат түскеннен кейін судья азаматтық істі қозғау, істі сот талқылауына дайындау, тараптың өтінішхаты болған жағдайда қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарым шығарады және татуласу рәсімін өткізеді.

2019 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейінгі аралықта екі судья- татуластырушы 834 арызды қарады, оның ішінде 423 арыз бойынша тараптар татуласу рәсіміне келді, ал 258 арыз бойынша татуласу орын алды, бұл 70% құрайды. Жоба аясында сот 184 медиациялық және 74 бітімгершілік келісім бекітті, бұл Астана қаласының Алматы аудандық сотында тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізумен тоқтатылған істердің жалпы санының 63 %   құрайды.

Жоба шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындаумен, материалдық және моральдық залалды, шығынды өндірумен, еңбек қатынастарымен, тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен, тұрғын үй мәселелерімен және т.б. байланысты даулар реттелді.

Медиациялық келісімдер жасаған кезде судья-татуластырушы тараптарға қойылған талаптардың шегінен шығу құқығын, жауапкердің қарсы шарттар қоюға мүмкіндігі бар екенін түсіндіреді, соңында өзара тиімді шарттар бойынша келісім жасалады. Осылайша, тараптар риза және бірде-бір ұйғарымға шағым берілмейді. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес азаматтардан пилоттық жоба туралы тек жақсы пікірлер келіп түсуде, келіссөздер өткізу үшін қолайлы жағдай жасалған.

Сонымен қатар, айта кетер жайт, 411 талап арыз бойынша жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың келмеуіне байланысты татуласу рәсімдері өткізілген жоқ. Келмеудің негізгі себептері: байланыс нөмірінің дұрыс болмауы; себептерін түсіндірмей татуласу рәсіміне қатысқысы келмеу; қысқа мерзімде хабарлау (1-2 күн бұрын); тараптың қалада болмауы; кәсіпорынды әрекет етпейтін деп тану; кәсіпорынның басшысының болмауы және т.б.

Аталған мерзім ішінде 49 арыз қайтарылды. Арыздарды қайтарудың себептері: қабылдауға негіздердің болмауы және татуласу рәсімі өткізілгеннен кейін дауды өз еркімен реттеу.

116 арыз бойынша тараптар татуласудан бас тартты, яғни келген тұлғалардың 27,4 % бір келісімге келмеді. Татуласудан бас тартудың негізгі себептері мыналар: қысқа мерзімдер; жауапкердің қойылған талаппен жалпы келіспеуі; іске қатысуға тартылмаған үшінші тұлғалардың құқықтарының бұзылуы; талаптың мөлшерін анықтау үшін әр түрлі сараптама өткізу қажеттігі; тараптар арасындағы бас араздық; дауды реттеудің жолдарын талқылауға ниеттің болмауы, өз дегенінде тұрып алу; тараптардың сот талқылауының ұзаққа созылуына мүдделі өкілдерінің татуласуға қарсы әрекет етуі.

Пилоттық жобаны енгізгеннің арқасында соттың жұмыс ауыртпалығы едәуір азайды, талапкерлер төлеген мемлекеттік баж қайтарылуда, бұл азаматтар мен заңды тұлғаларды дауды бітім жолмен шешуге ынталандырады, даулар тез арада шешімін табуда, бұны тараптар жобаның басты артықшылығы ретінде танып отыр.

Татуласудың көптеген жағдайында талапкердің бұзылған құқықтары сотқа жүгінген уақыттан бастап екі апта ішінде қалпына келтірілді.

Осылайша, «Соттағы татуласу рәсімдері» жобасы бір жылдың ішінде өзінің тиімділігін көрсетті, дауды қысқа мерзімде шешуде өтімді тәсіл және соттан тыс медиацияны дамыту үшін бетке ұстар үлгі болып табылады.

 

 

С.А.Койшибаева

Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив