«Сот бұйрығы шығарылатын талаптар көбейді»

«Сот бұйрығы шығарылатын талаптар көбейді»

Қазіргі кезде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша сот жүйесіне халықтың сенімін арттыруға және сот жүктемесін оңтайландыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Қ.Асановтың басшылығымен «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы шеңберінде 7 жұмыс тобымен бірнеше заң жобалары әзірленген. Соның бірі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы қол қойған  болатын.

Осы заңмен ҚР Азаматтық процестік кодексіне (әрі қарай АПК) енгізілген өзгерістер бойынша бұрын оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған 10 талап, бұйрық арқылы іс жүргізу санатына аударылды.

Сонымен қатар, АПК-нің 135 бабы: заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; бұқаралық ақпарат құралында азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды не жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы жаңаша талаптармен толықтырылды.

Бұл енгізілген өзгерістер тек сот жүктемесін азайтып қана қоймай, даусыз талаптар бойынша тараптардың уақытын, қаржысын үнемдейді. Өйткені, судья мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша тараптарды тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сот бұйрығын шығарады. Сонымен қатар, мемлекеттік баж шығыны жалпы тәртіппен қаралатын істерге қарағанда екі есе төмен. Өз кезегінде сот бұйрығы атқарушылық құжат күшіне ие болғандықтан, ол бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Сондай-ақ, енгізілген өзгерістер бойынша сот бұйрығы шығарылатын талаптарға сотқа дейін дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы талаптардың қосылуы, азаматтардың сотқа дейін дауды реттеуге мүдделілігін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

     

Искакова А. Жаңақала аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив