«Рухани жаңғыру – мәңгілік елдің кепілі»

«Рухани жаңғыру – мәңгілік елдің кепілі»

 

Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға жету үшін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту - ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру болып табылады, осы орайда Мемлекет басшысының мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы (билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімдерін, еңбектерін білу) өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттырады.  Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз». Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту қажет. Тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды белгілеп, олардың есімдерімен атауға ат салысу қажет, осы жерде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жөніндегі ұсынысын іске асыруға қала белсенділерінің көңілін аудартып, «Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.  Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш» - деп Елбасының сөздерін атап өтуге болады.

Елбасының «Рухани жаңғыруы» біздің тарих толқынындағы ұстанымымыз бен бағдарымыз болуы тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, «Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Сондықтан, Елбасымыз айқындап берген стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыруда әрқайсымыз өз саламызда өзімізге жүктелген міндеттерді адал орындасақ, Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудағы арман-мұратымыздың баянды болуына елеулі үлес қосқан болар едік, өйткені ұлт мүддесіне қызмет ету әрқайсымыздың қасиетті борышымыз. Нәтижесінде жақын болашақта еліміз біртұтас ұлт ретінде өркениет көшінің алдыңғы қатарына қосылатынына кәміл сенеміз.

 

А.Мұқанов

                                           Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы                                                    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив