Апелляция сотталушыны эпизодтардың бірі бойынша ақтады

Апелляция сотталушыны эпизодтардың бірі бойынша ақтады

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігі, 380 бабының 2 бөлігімен азамат Ф.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Бірінші саты сотының үкімімен Ф. абайсызда адам  өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізгені, билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оның өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіргені үшін айыпты деп танылып, ҚК-нің 380 баптың 1бөлігіне сәйкес  2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, ал  ҚК-нің 106 бабының  3бөлігіне сәйкес 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. ҚК-нің 58бабының  3бөлігіне сай түпкілікті жазасын  қылмыстық атқару жүйесінің ерекше   режимдегi  мекемесінде өтеумен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ф.-ның әрекеттерінде  қылмыстық қауіпті қайталануы танылған.

Бірінші саты сотының үкімімен келіспей, сотталған Ф. және оның қорғаушысы апелляциялық шағыммен жүгінді. 

Істі апелляциялық сатысында қараған Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы  Ф.-ны  оның әрекетінде Қылмыстық Кодекстің 106 бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық  құқық бұзушылық құрамдарының болмауына байланысты ақтады.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуратурасына қылмыстық істі жасаған тұлғаны анықтау және шара қабылдауға жолданды.

Айыпталушыға тағылған кінәға сәйкес, сотталушы Ф. 2018 жылдың 15 қыркүйегінде денсаулығына ауыр зардап келтіру мақсатымен қасақана түрде зардап шегуші Т.Г.Глобаның  бас тұсынан төрт мәрте ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған.  

Нәтижесінде 2018 жылдың 21 қыркүйегінде жәбірленуші ауруханада қайтыс болды.

2019 жылдың 16 кыркүйегінде сотталушы Ф. өзінің танысының  тұрғылықты жерінде болған. Учаскелік полиция инспекторы Ф.-ны ұстап алу жөніндегі нұсқаманы орындау мақсатында сол мекенжай бойынша келген. Сол кезде Ф. үстел үстіндегі ас үй  пышағын алып, учаскелік инспекторға пышақты қолдану қаупін төндірген.

Істі апелляциялық сатысында қараған сот алқасы дәлелдемелерді жеке-жеке және тұтастай бағалап, олар күмәнді, қарама-қайшы және олардың арасындағы қайшылықты жою мүмкін емес деген шешімге келді. Ал, ҚР Конституциясының 77 бабы, ҚПК 19 бабына сәйкес, сотталушының кінәлілігіне сейілмеген күмән оның пайдасына түсіндіріледі.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу кезінде Ф.-тан адвокаттың қатысуынсыз жауап алынған. Қылмыстық іс материалдарында істі жүргізген тергеушінің тергеу амалдарын жүргізу туралы тапсырмасы мен нұсқауы болмағанына қарамастан тергеуші өз бетінше қосымша оқиға орнына қарау жүргізген. Аталған және іс бойынша басқа да дәлелдемелер ҚПК талаптарын өрескел бұзылып алынған.

Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу органы ұсынған дәлелдемелер, ҚПК 112-бабына сәйкес, заңды күші жоқ деп танылды.Мұндай жағдайларда сот алқасы жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған жәбірленуші Т.Г.Глобаға ауыр дене жарақатын келтіру эпизоды бойынша Ф.-ты соттауын заңсыз деп танып, бұл қылмыс құрамының болмауына байланысты оны ақтады.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі қалған бөлігінде өзгеріссіз қалдырылды.

 

 

 Қанатбаева Н.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив