АЛҒЫС ХАТ

АЛҒЫС ХАТ

Ақ жаулықты ана, I топтағы мүгедек Күлән Қойшыбаева 34 жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрып қол жеткізген пәтерін жекешелендіруден бас тарқан тұрғын үй комиссиясының шешімімен келіспей Орал қаласының №2 сотына жүгінген. Бірінші сатыдағы соттың  шешімімен мәселесі оң шешімін таппаған соң, әрі қарай  апелляциялық шағыммен облыстық сотқа шағымданады.

Осы істі қараған аппеляциялық сот алқасы істің мән-жайларын жан-жақты зерттеп, жинақталған дәлелдемелерге баға беріп, талап қоюшының талап арызын және аппеляциялық шағымын қанағаттандырды.

Апелляциялық алқаның қаулысы жарияланған соң, азаматша К.Қойшыбаева істі қараған Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының судьяларына ризашылығын білдіріп, Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов пен Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов атына алғыс хат жолдады.

Автор алғыс хатында апелляциялық сатыда іс бойынша төрағалық еткен Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа судьясы Тұрсын Оразова, алқа судьялары Әлібек Ахметов пен Қанат Махметовтардың сауаттылығы, кәсіби деңгейі мен іскерлігі, өзіне қатысты азаматтық істі қарауда азаматтық процестік заң нормаларын дұрыс қолдана білгендігі үшін алғысын білдіріп, аталған лауазым иелеріне және барлық судьялар корпусына сот төрелегін атқарудағы күрделі қызметтеріне табыс тіледі. 

 

 Қанатбаева Н.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив