Бар жұмысымыз халықтың назарында

Бар жұмысымыз халықтың назарында

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Қазақстанның даму жолын айқындайтын бес институттық реформа белгіленген болатын. Солардың екіншісі заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Ұлт жоспарындағы сот жүйесіне арналған қадамдардың барлығы да сәтті орындалуда.

Елбасы қойған міндеттердің ең негізгісі – ашықтық пен жариялылыққа баса назар аударуға, көпшіліктің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, судьялар, сот қызметкерлері қоғамға ашық болуы керек. Бұл тапсырманың бүгінгі күні жоғары деңгейде орындалып жатқанын атап айтқан жөн. Мұғалжар аудандық сотында сот жұмысындағы ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында сот істері ашық сот отырысында қаралады, істі жабық сот отырыстарында қарауға тек қана заңда белгіленген жағдайларда жол беріледі. Сонымен қатар, сот отырыстары үн-бейне жазба құрылғысына жазу арқылы өткізіледі, ол жазбаларды кейіннен өзгерту мүмкіншіліктері жоқ.

Сотта ай сайын ашық есік күндері өткізіліп, онда сот жүйесіндегі жаңалықтар туралы келушілерге хабардар етіліп отырады. Аудандық сот төрағасы азаматтарды күн сайын қабылдайды. Сот қызметкерлері мен процеске қатысушылардың арасында іс-жүргізуден тыс байланыстарды болғызбау қатаң бақылауға алынуда.

Сотта арыздар мен істер электронды "Сот кабинеті" арқылы қабылданады. "Сот кабинеті" бағдарламасының мобильді қосымшасы енгізілді, ол бойынша оған тіркелген әрбір адам соттың жұмысынан хабардар бола алады. Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ете отырып, халыққа адал қызмет көрсету әрбір сот қызметкерлерінің міндеті екендігін айтқым келеді.

 

Ақтөбе облысы  Мұғалжар аудандық сотының кеңсе бас маманы А.Шекенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив