Ақтау үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Ақтау үкімі өзгеріссіз қалдырылды

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы С.У.Темиргалиевты ҚК-тің 104-бабы 1-бөлігі, 114-бабы 4-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен С.Темиргалиев  абайсызда қазаға ұшырату және абайсызда екі адамның денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтіру белгілерімен  айыпталған.

Айыптау актісіне сай, С.Темиргалиев, 1997 жылы 2 қабатты үйдің 2-қабатында орналасқан 10-пәтерді сатып алған, пәтерді қайта жоспарлауға рұқсат алмастан, тұрғын үй алаңын кеңейту мақсатында, үйдің 1 қабатында орналасқан 7-пәтердің отын пешін, оның қонақ бөлмесі арқылы өтетін ортақ вертикальді кірпіш мұржасының бөлігін диаметрі 110 мм. темір құбырға ауыстыру жолымен демонтаждауды шешкен. С.У. Темиргалиев, шамамен 2011 жылдың қазан-қараша айларында, құрылыс жүргізу жұмыстарының қауіпсіздік қағидаларын бұза отырып, екі жұмысшыны жалдап, кірпіш мұржаны демонтаждап, бөлмеаралық қабырғада мұржа ретінде диаметрі 110 мм. болатын вертикальді болат құбырын негізгі вертикальді учаскені ұзындығы 30 см. болатын горизонтальді учаскемен жалғастыру арқылы орнатқан.

Содан, 03.08.2015 жылы, С.У. Темиргалиев, кірпіш мұржаны демонтаждағаны және бөлме арасындағы қабырғаға темір мұржасын орнатқаны туралы хабарламастан, аталған пәтерді Кубашеваға сатып жіберген.

2017 жылдың сәуір айының 01-не қараған түні 7-пәтердегі газ жанарғысының жануы және болат мұржаның металл бетінде соңғы алты жылда коксталған қабатталудың пайда болуы нәтижесінде, бірнеше жылдар бойы осы қабаттанулар қабыршықтанып түскен және негізгі вертикальді учаскені ұзындығы 30 см. болатын горизонтальді учаскемен қосу орнында жиналып, бітелу орын алып, улы газдың мұржа арқылы ауаға шығуы мүмкіндігі болмауы себепті, улы газдың ағындары саңылаулар арқылы №7 және 10-пәтерлерге тараған. 7-пәтерінен Ж.С. Кабланов және оның қызы Г.Ж. Кабланова улану белгілерімен Орал қалалық көп бейінді ауруханасына жеткізілген. Сол күні, аталған үйдің 10-пәтерінде кәмелетке толмаған Ч.Б. Темирбулат уланудан қайтыс болған және сағат 10.49-да Н.С. Кубашева улану белгілерімен ауруханаға жеткізілгені.

Сот-құрылыс-техникалық сараптама қорытындысына сәйкес, №7 және 10-пәтерде улы газдың пайда болу себебі, мұржаның тік және ұзындығы 30 см. көлденең учаскелерінің қосылу орнында, темір түтіндіктің беткі жағында коксталған қабатталу түріндегі жирен-қоңыр түсті қоқым болып табылады. 

№7 және №10 пәтерде улы газдың пайда болуының негізгі себебі тік учаскенің көлденең учаскеге ауысуы орнында нормативтік құжаттарға сай емес орындалған темір мұржа құрылымының бұзылуы салдарынан болғаны, ал №7 және 10-пәтерде улы газдың пайда болуының қосалқы себебі 7-пәтердің кіре беріс есігінің оң жағында орналасқан жылыту пешіне орнатылған ӘГЖА-16 маркалы газ жанарғысы жағдайының дұрыс реттелмеуінен болған.

Тергеп – тексеру органдарымен  сотталушының әрекеті Қылмыстық Кодекстің екі бабымен - ҚК-тің 104-бабы 1-бөлігі, ( абайсызда қазаға ұшырату) және ҚК-тің 114-бабы 4-бөлігі, (абайсызда екі адамның денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтіру) белгілерімен сараланған.

Іс материалдарын жан-жақты зерттеп, іске қатысушы тұлғалардың жауаптарын тыңдап, дәлелдемелер жиынтығын саралаған сот С.Темиргалиевтың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деп танып, оны ақтады.

Істі бірінші сатыдағы және апелляциялық сатыда соттарда қарау барысында пешті демонтаждаған С.У. Темиргалиев, ал құбырды дәнекерлеп, конструкциясында мұржаның бітеліп, улы газдың шығуына негізгі себеп болған көлденең учаскесін жасаған тергеумен анықталмаған екі тұлға екенін қылмыстық қудалау органдарымен жоққа шығарылмағаны анықталды.

Соған қарамастан, қылмыстық қудалау органдарымен С.У. Темиргалиевтің іс-әрекеттерінің объективтік жағы, яғни себеп-салдарының байланысы бекітілмеген.

Бұған қоса, тағылған айыптың субъективтік жағына қатысты, сотталушы С.У.Темиргалиев 2011 жылдың қазан-қараша айларында дәнекерлеушілерді жалдағанда, мұржаның конструкциясын өзі бекітіп немесе өз қолымен жасап және жасап жатқан уакытта, алдын ала сол үйді басқа адамдарға 4 жылдан кейін сататынын, Каблановтардың қауіпсіздік автоматикасы жарамсыз газ жанарғысымен пайдаланып, оны қараусыз қалдыратынын және 7 жылда мұржаны тазалау жұмыстарын бірде бір жүргізбейтінін анық білгені туралы дәлелденбеген. Нәтижесінде, С. Темиргалиевтің осы жағдайларға қатысты салғыртық, ұкыпсыздық білдіргенін – субъективтік жағын қамтитын белгілері анықталып бекітілмегені анықталды.

Қылмыстық істі сот тергеуінде қарау барысында Темиргалиевтың пәтерінің пешін кірпіштен жасалған құбырын темір құбырмен ауыстыру жұмыстары төменгі пәтер тұрғындарының бірнеше рет айтқан өтініштерінен соң кәсіпқой мамандар жасағаны, бұл мұржа құбырының оның пәтерін жылытуға қатысы жоқтығы, пеш құбыры ауыстырылған соң, ол жанұясымен 4 жылдан астам бірге тұрғаны анықталды. Төменгі қабаттағы пештің оттығы дұрыс жасамауы туралы сотталушының уәждері тергеу органдарымен зерделенбеген.  Темиргалиевтың улы газдың басқа себептермен пайда болған айғақтарын жоққа шығаратын уәждеріне сотқа дейін тергеу органымен заңды тиісті баға берілмеген.        

Бір сөзбен айтқанда, іс бойынша жинақталған барлық деректерде С.Темиргалиевтің қылмысқа тікелей кінәлілігі көрсетілмеген, яғни іс бойынша бар күмәндар ешқандай дәлелдермен жойылмаған және сотталушының аталған қылмысты жасағаны нақты бекітілмеген.

С. Темиргалиевтің әрекетінде ҚК-тің 104-бабы 1-бөлігі және 114-бабы 4-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы жоқтығына сәйкес, оған қатысты қылмыстық іс бойынша Орал қалалық сотымен ақтау үкімі шығарылған.

Бірінші сатыдағы соттың үкіміне келіспеген айыптау жағы апелляциялық өтінішхат берген. Алайда, істі апелляциялық сатыда қараған Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы бірінші сатыдағы соттың ақтау үкімі заңды және негізді, істің мән-жайлары толық сай келеді деп тауып, прокурордың және жәбірленушілердің өтініштері қанағаттандырусыз, сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

 

 

 Батыс-Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив