Сот залында қамақтан босатылды

Сот залында қамақтан босатылды

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы ҚР ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігімен азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен К. «кептірілген марихуана» есірткі затын заңсыз өткізді деп танылып, ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігімен 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Сотталған К. мен оның қорғаушысы, сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым келтірген. Іс материалдарына сай, К. «марихуана» есірткі затын сақтап, оған қатысты жасалған жасырын тергеу әрекеттері (бақылатын сатып алу) барысында ол салмағы 3,64 гр. «кептірілген марихуана» есірткі затын полиция қызметкерлерімен тартылған куә лақап аты С.-ға 4000 теңгеге сатқан.  Алайда, іс материалдарын апелляциялық сатыда зерттеу бұл факті бойынша жедел қызметттер тарапынан араңдату орын алғанын көрсетті. Атап айтқанда, сот отырысы барысында жедел қызметкерлер тартқан куә лақап аты С. сотталушы К.-ға бір күннің ішінде 5 рет телефон шалып, одан табанды түрде және бірнеше рет есірткі сатуды сұраған. К. істі бірінті сатыда қарау барысында да, апелляциялық сатыда да есірткіні жеке өзінің пайдалануы үшін сақтағанын, оның сатуға (өткізуге) ниеті болмағанын, куәнің бірнеше мәрте табанды түрде есірткі сатуды сұрап, бірнеше рет телефон шалғасын ғана, яғни оның тікелей әсер етуі салдарынан ғана есірткіні сатқанын мәлімдеді.

К. есірткіні полиция қызметкерлерінің араласуынсыз сатқаны немесе бұндай әрекеттерді басқа тұлғаларға қатысты жасағанын растайтын іс бойынша басқалай дәлелдемелер жоқ. Іс материалдарында К.-ның есірткі сатуға қатысы барлығын айқындайтын қажетті негіздер жоқ.

Істі апелляциялық тәртіппен қараған қылмыстық істер жөніндегі алқа, іс материалдарын толық зерттеп, тараптардың уәждерін тыңдап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, К.-ның әрекеттері ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігіне қайта дәрежеленді, яғни ол есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Ал бұл құқық бұзушылық, ҚК-нің 10 бабының талаптарына сай, қылмыстық теріс қылық болып табылатындықтан, оған 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Азамат К. 8 айға жуық мерзім қамақта болғаны ескеріліп, тағайындалған жаза өтелген деп есептеліп, ол сот залынан қамақтан босатылды.

Бірінші сатыдағы сот үкімінің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

Осылайша, облыстық соттың соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы азамат К.-ның бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

 

 

 Батыс-Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив