ҰЛТТЫҚ РУХАНИ БАҒЫТТАҒЫ БИЛЕР КЕҢЕСІ

ҰЛТТЫҚ РУХАНИ БАҒЫТТАҒЫ БИЛЕР КЕҢЕСІ

Соңғы уақытта қоғамдағы талас - тартыс, жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстар күн санап еселену үстінде. Оның соңы әрине сот талқылауына әкеліп соғады. Ата-бабаларамыздың дәуірінде көптеген дау-дамайлар, кикілжіңдер мен күрделі сұрақтар дана билердің таптырмас ақыл-кеңестерімен, бітімгершілік жолмен  шешіліп отырған.

Үш жүздің Ұлы үш биі - Қазыбек би, Төле би, Әйтеке бидің қатысуымен әзірленген дәстүрлі құқық нормаларының жиынтығы «Жеті жарғы» қазіргі қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқықтың нормаларын қамтыды.

Хан-сұлтандармен бір деңгейде ел басқарған билердің сол замандағы басты мақсаты  дауласқан жақты татуластырып, олар үшін ортақ шешім шығарып, ақыр соңында ел бірлігін сақтау болған.

Рухани құқықтық мұраны зерделей келе, сол заманғы билер сотының қызметі дауласушы тараптарды бітімге келтіріп, келтірілген залалдың орнын толтыруға, яғни құнын өтеуге бағытталғанын байқаймыз.

«Даудың түбі біту»,-деген ұранды ұстанған дала билері кез-келген дауды татуласумен аяқтап отырған.

Елбасы бұдан бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында өз заманында сыннан сүрінбей өткен озық  дәстүрлердің табысты жаңғыруының маңыздылығын атап өткен.

Ал осы түп тамыры тереңнен бастау алатын Билер сотының әділдікке, заңдылыққа және татуластыру рәсімдеріне негізделген мықты қағидаттарын қазіргі заманауи құқық қолдану жүйесіне енгізу өте қажет.

Осы бағытта қоғамдағы даукестік деңгейді төмендету мақсатында, дау (жанжалдарды) татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, бейбіт жолмен шешуге бағытталған БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ құрылғаны аса маңызды.

Билер кеңесі өз кезегінде құқық бұзушылықтың алдын-алу, татуластыру рәсімдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұлттық салт-дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды насихаттап жатса, ұлттық сананы жаңғыртып қана қоймай, келіспеген жақтардың бітімге келіп, жақсы қарым-қатынасты сақтап қалуына септігін тигізері сөзсіз.  

 

 Баянова Б.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив