Объектішілік режим

Объектішілік режим

Кез келген мемлекеттік мекеменің, соның ішінде Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарда өзінің ішкі тәртібмен  объектішілік режимі бар. Ол тәртіп заңмен және сол мекеменің басшысы бекіткен қағидалармен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының  және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген.

Қағиданың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы сот органдарының әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдердің тиімділігі мен сапасын арттыру және олардың тиісінше күзетілуін қамтамасыз ету. Жалпы өткізу және ішкі объектішілік режим дегеніміз ішкі тәртіпті, адамдардың бақылаусыз кіруі, шығуы көлік құралдарының кіруі шығуы күзетілетін объектіге мүлікті бақылаусыз алып кіру (алып шығу),  тыйм салынған заттардың тізбесіне сәйкес соттардың ғимаратына алып өту сондай-ақ өрт қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық іс-шаралардың жиынтығымен қамтамаыз етілетін сотардың ғимараттары және оларға іргелес жатқан аумақтар шегінде белгіленген тәртіп.          Аталған осы тәртіпті сот приставы Ішкі істер министрлігі мамандандырылған күзет бөлімшесінің нарядының қызметкері мен бірлескен күйде жұмыс жасайды.                               
         Соттардың ғимараттарына кірген кезде барлық келушілерге, сот процесіне қатысушыларға, сот процесіне қатысатын өзге де адамдарға, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдарға қатысты бақылаудың арнайы жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдалану арқылы техникалық бақылау жүзеге асырылады.      
        Соттардың, Департамент пен оның аумақтық органдарының ғимараттарына кіру мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:           
        1) пайдаланушының уақытша карточкасы;
        2) біржолғы рұқсаттама;
        3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, Соттар әкімшілері мен соттар кеңселерінің келушілер, сот процестеріне қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар туралы полиция бекетіне ұсынған тізімі; 
        4) адвокаттар, прокурорлар – қызметтік куәлік бойынша;    

        5) ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар – жеке басты куәландыратын құжат бойынша жүзеге асырылады. 

        Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сот  ғимаратына «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3) тармақшасына сәйкес өздерінің кәсіби қызметіне байланысты мобильді құрылғыларымен (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.), бейне-, кино- және фотоаппаратураларымен кіруіне жол беріледі.  

          БАҚ өкілдерінің сот отырыстарында бейне-, кино- және фотоаппаратураны пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 345-бабына, Қазақстан Республикасы  Азаматтық процестік кодексінің 19-бабына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  21-бабына сәйкес шешеді.

        Сот процесіне қатысатын өзге де адамдардың, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдардың тізбеде көрсетілген бұйымдар мен заттардарды кіргізуіне (алып кіруіне) жол берілмейді.

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде келушілерді ғимаратқа өткізу тоқтатылады.

         
       

Әскери соттың әкімшісінің

бас маманы                                                                                      

С. Әсілбеков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив