«Бітімгершілік заңының ең тиімді тұсы – адам құқығы»

«Бітімгершілік заңының ең тиімді тұсы – адам құқығы»

 

Мемлекетімізде 2011 жылдың 28-қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындап берді.

ҚР Жоғарғы Сотымен медиацияны қолдануды одан әрі ұлғайту мақсатында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу енгізу бағытындағы пилоттық жоба іске қосылды. Жоба бітімгершілік рәсімдердің қолдану аясын кеңейту, істерді қарау мен шешуде тараптардың уақытын үнемдеу, сот шығынына жол бермеу мақсаттарын көздейді. Сот медиациясы бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық.

Осыған орай, дауларды шешудің баламалы түрі ретінде азаматтық іс жүргізудің медиация институты заңды түрде енгізілген. Осыған сәйкес, АПК-де медиацияға байланысты екі жақты қанағаттанарлық шешімдер, маңызды мәселелер қамтылады. Осындай жолмен шешу қажетті шешімге қол жеткізуге күштемейді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол берілмейді.

Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы түрі. Ол даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі-бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады. Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу.

  

Мереке Есмуханович Кунаев

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының аға сот притавы                   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив