Әскери қызметші рота командирінің бұйрығына  бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

Әскери қызметші рота командирінің бұйрығына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Жуалы аудандық соты әскери қызметшінің бастығы бұйрығына бағынбағаны туралы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

         Сот отырысына құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ротаның басқа да әскері қызметшілері қатысты.       

          Іс бойынша анықталғандай, Жуалы ауданындағы 91678 әскери бөлімінде, штаб ротасының командирі С. даярлық жоспарына сәйкес дене шынықтыру сабағын өткізу барысында, ротаның жеке құрамын сапқа тұрғызып, белгіленген тәртіппен ротаға бұйрық бергеніне қарамастан аға сержант Б. бұйрыққа бағымбай орындаудан бас тартқан, яғни Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзған.

           Әкімшілік құқықбұзушы аға сержант Б. жасаған кінәсін толық мойындап, өзінің жасалған іс әрекетіне түсінік берді.       

            Іс бойынша қатысқан прокурор судьядан құқықбұзушыға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындауды сұрады.

           Жуалы аудандық сотының қаулысымен, құқықбұзушы Б., ҚР-ның ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 44188 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

           Мораль әскери қызметшінің өзінің әскери міндетін орындауының негіздемесі, құқықбұзушылыққа жол бермеу төзімділігі – әр әскери қызметшінің парызы.

 

Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив